Ақтөбеде бойжеткендер туған баласын лақтырып кетуді әдетке айналдырды

Опубликовано:

Ақтөбеде нәзік жандылар туған баласын лақтырып кетуді әдетке айналдырды деп хабарлайды NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі.

Кеше ғана дәретханадан табылған бала періштесі қағып аман қалды. Перзентхана қызметкерлері Мәншүк Мәметова деп есім берген нәрестенің денсаулығы жақсы. Салмағы 3800 гр, бойы 51 см болатын қыз бала бір аптадан кейін балалар үйіне ауыстырылады.

Мұндай жантүршігерлік жағдай облыста алғаш тіркеліп отырған жоқ. Бала тастап кету оқиғасы Ақтөбеде бір ай бұрын ғана тіркелген болатын.

Подъезге жаялыққа оралып, омырауында «Мұсылман қорғаны» кітабы болған нәрестенің табылғандығы туралы NUR.KZ порталында жарияланған болатын.

Бүгінде балалар үйінің қызметкерлері нәрестеге есім қойғанымен, тасбауыр ана табылмай жатыр.

Туалетке бала тастап кету оқиғасы Ақтөбеде үш жыл бұрын 2013 жылдың наурыз айында да тіркелді. Шұбарқұдық ауылында 23 жастағы бойжеткен баласын түнде туа сала көршісінің дәретханасына тастаған болатын.

Таңертең жылаған баланың дауысын естіген көршісі полиция шақырып, нәрестені аман алып қалды. Наурыздың суығында суық тиген бала аман қалған болатын.

«Көкек ана», «тасбауыр әке», туа сала тірі жетім атанған «бейбақ сәби» - бүгінгі қоғамның сыздаған жарасы. Тастандылар тағдыры БАҚ бетінде мәселе болып жиі көтеріледі. Талқылаған сайын дерт асқынып барады.

Ақтөбеде үш жыл бұрын босану орталығына толғақпен келген келіншек баласын туа сала қашқан болатын. Анасы безген ер бала «Үміт» балалар үйіне апарылды. Кейін полиция әйелді ұстап, оның екі баласынын бірін күйеуіне, екіншісін туысына тастап кеткенін анықтаған болатын.

Ақтөбеде бірнеше жыл бұрын жаңа туылған сәби қоқыс жәшігінен де табылған. Сәбиін жаялыққа орап, балалар үйінің есігінің алдына тастап кеткен жағдай да тіркелді.

Мамандар жетімдер үйінің азайып жатқандығын хабарлағанымен, Қазақстанда тастанды балалардың саны азайған жоқ.

Қазақстандық БАҚ 25 жыл ішінде 8 мыңнан асқан жетім баланың шекара асқандығын жазып жүр. Елімізде бірнеше мыңдаған отбасы бала асырап алу кезегінде тұр.

Тағы да оқи алатыныңыз:

Ақтөбеде тағы бір көкек ана нәрестесін дәретханаға тастап кетті

Өмір бойына жындыханаға жабылған Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығады

Мұхтар Шаханов Жер туралы комиссияның құрамына енді

Зиялы қауым президентке ашық хат жолдап, білім саласындағы эксперименттерді тоқтатуды талап етті

"Панама құжаттарында" аты аталған қазақстандық бай-бағландар түсініктеме беріп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1126493-aqtobede-boyzhetkender-tughan-balasyn/