Жамбылда немересін көліктен лақтырған әйелдің есі дұрыс емес болып шықты

Опубликовано:

Жамбыл облысында 53 жастағы әйел қызының жаңадан туған сәбиін көлік терезесінен лақтырып жібергені үшін түрмеге қамалмауы мүмкін. Сараптама әйелдің ақыл-есі дұрыс емес деп тапқан. Бұл туралы "Времяға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Әйелдің сөзіне сенсек, ол көршісінің көлігін жалдап, 16 жастағы жүкті қызын ауруханаға апара жатқан. Ауылдан шыға бере мектеп оқушысының толғағы қысып, машинаның ішінде-ақ босанып қалады.

Ал анасы көлікті тоқтатпаған күйі шақалақты терезеден лақтырып жіберді. Тас жолға басымен түскен нәресте сол жерде шетінеген.

13 қаңтарда болған бұл жантүршігерлік оқиға қоғамды есеңгіреткен болатын. Өз немересін аяусыз өлтірген Бақытгүл Бисенгерееваны сот түрмеге қамаудың орнына, мәжбүрлі түрде психикалық стационарда емдеуі мүмкін. Әйел асырап алған қызының нәрестесін лақтырып жіберудің себебін түсіндіргенде ақылға қонымсыз дүниелер айтқан.

"Менің қызым "белгісіз мақұлықты" дүниеге әкелді, мен ол мақұлықты терезеден лақтырып жібердім", - деп өз әрекетін түсіндірді әйел.

Сараптама әйелдің ақыл-есі дұрыс еместігін анықтап, сот төрешісі Азамат Тілепов сараптаманы психиатрлар да растайтын болса, әйелдің мәжбүрлі түрде емделетінін алға тартты.

"Біз алғашқы сот отырысына алматылық психиатрларды шақырдық. Олар Бисенгерееваның ақыл-есі қаншалықты ауытқығанын анықтайтын болады. Әзірге ол уақытша оқшаулағышта", - дейді ол.

Ал нәрестенің кәмелетке толмаған анасы емханадан шығып, туысқандарының қолында тұрып жатыр.

Еске салсақ, осыған ұқсас тағы бір жағдай Жамбыл облысында тіркелген. 21 жастағы Әмина Мәжіғұлова  шақалағын әжетханаға тастап, нәжіске тұншықтырып өлтірмек болған. Сот оны бір жарым жылға түрмеге қамады.

Ал сәбиді, абырой болған дер кезінде құтқарып үлгерген.

Тағы да оқи алатыныңыз:

Ақтөбеде тағы бір көкек ана нәрестесін дәретханаға тастап кетті

Өмір бойына жындыханаға жабылған Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығады

Мұхтар Шаханов Жер туралы комиссияның құрамына енді

Зиялы қауым президентке ашық хат жолдап, білім саласындағы эксперименттерді тоқтатуды талап етті

Ақтөбеде бойжеткендер туған баласын лақтырып кетуді әдетке айналдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1126533-zhambyl-oblysynda-zhanha-tughan-nemeresi/