Шымкентте үш баланың анасын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен өлі күйінде табылған үш баланың анасы Ольга Новикованың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды.

Бұл туралы ОҚО-ның ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру шарасын жүргізу барысында, аталған қылмысқа қытысы бар деген күдікпен 1973 жылғы жергілікті тұрғынды құрықтады.

Алдын ала дерек бойынша қылмыстың орын алуына арада болған ұрыс себепкер болған. Ер азамат жәбірленушінің ақшасын және өзге де бағалы заттарын алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

"Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ Бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша іс қозғалды. Күдікті УҰИ-на жөнелтілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінен 33 жастағы Ольга Новикованың мәйіті табылғаны хабарланған. Әйелді бір аптадан артық уақыт бойы оның жақындары іздестірген.

Тағы да оқыңыздар:

Павлодарда жер үйдің ауласынан көне қорым табылды

Валентина Матвиенко Қазақстандағы орыс азаматтарын қазақша үйренуге шақырды

119 қабатты торт әзірлеген қазақ тойы жұртты таң қалдырды

Елімізде науқасқа селсоқ қарап, шәлкес мінез танытатын дәрігерлер көбейген

Мұхтар Шаханов Жер туралы комиссияның құрамына енді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1127024-shymkentte-ush-balanynh-anasyn-oltirdi-d/