Қарағанды облысында радикалық діни ағымға тұрғындарды тартқан екі азамат сотталды

Опубликовано:

Қарағандыда лаңкестікті насихаттап, азаматтарды ұйымға тартып, діни алауыздықты тудырғаны үшін Теміртаудың екі тұрғыны ұзақ мерзімге сотталды.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«В. Хадыкин Қылмыстық кодекстің 256-бабы, 174-бабы 2-бөлігі, 259-бабы 1, 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылды. Қылмыс жиынтығында оған қатаң режімдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. К. Жұмағалиев Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі, 174-бабы 2-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Оған жалпы режімдегі түзеу колониясында жазасын өтеумен, мүлкі тәркілене отырып, 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесілді», - делінген үкімде.

Қылмыстық іс материалдарында Теміртау қаласының тұрғыны Хадыкин («Мұстафа» рухани аты) бастапқыда дәстүрлі дінде жүріп, 2013 жылы экстремистік және лаңкестік радикалық ағымына көшеді.

Ол қалалықтар арасында лаңкестік актіні қамтитын видеороликтермен радикалды исламның идеяларын насихаттап, қарулы жиһадқа қатысуға шақырған. Сондай-ақ, Жұмағұловпен бірге әлеуметтік желіде экстремистік сипаттағы видероликтер орналастырған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Апелляциялық сатыда шағымдануға, наразылық білдіруге болады.

Сонымен қатар оқыңыздар:

Жамбыл облысында прокурордың қатысуымен болған тікұшақ апатына қатысты жаңа деректер пайда болды

Жамбылда немересін көліктен лақтырған әйелдің есі дұрыс емес болып шықты

Елімізде науқасқа селсоқ қарап, шәлкес мінез танытатын дәрігерлер көбейген

Петропавл полицейлері 25 метрлік жардан өзенге құлаған қызды құтқарды

Астраханьдағы қазақ әжей әлемнің ең егде қариясы атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1127134-qaraghandy-oblysynda-radikalyq-dini/