Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық Vogue Сағынтаевтың қызы туралы жазды

Опубликовано:

Америкалық Vogue ең сәнді қазақстандықтар мен олардың Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунттары туралы жазды. Басылым Қазақстандағы Сән индустриясы ақырын да болса, алға жылжып келе жатқанын сөз етеді.

Buro 24/7 қазақстандық сайтының негізін қалаушы, Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қызы Меруерт Ибрагим мақала авторының назарына кез-келген әлемдік сән апталығында көзге түсетінімен іліккен.

"Егер қазақтар Сән апталықтарындағы бірінші қатарға жайғасса, онда ол тек Меруерт Ибрагим ғана болуы мүмкін", - деп жазады автор.

Ол сондай-ақ Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қызының гардеробы мақтануға тұрарлық себеп екенін атап өтті.

Аталған мақалада сондай-ақ сәнді редактор Анита Акишева, фотограф Ян Рей, байер Лиля Рах, сән апталығының ұйымдастырушысы Жанель Бертаева, модель Алена Субботина енген.

Мақала авторы Лиана Шатенштейн (Liana Satenstein) оқырмандарының көбі Қазақстанның қандай ел және қайда орналасқанын білмейтін де шығар деген пікірін білдіреді. Бірақ жақын арада барлық әлем жас мемлекеттің сән әлемі мен дизайнерлерінің туындыларымен таныса алады деген үмітін айтады.

Шатенштейн Қазақстанның Орталық Азиядағы байлық пен әл-ауқат шоғырланған орасан үлкен посткеңестік мемлекет екенін атап өткен.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1127320-amerikalyq-vogue-saghyntaevtynh-qyzy-tural/