Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты ұсталғандардың қамау мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

Сот Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты іс бойынша ұсталған күдіктілердің қамауға алу мерзімін ұзартты.

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

«Астана қаласының №2 аудандық соты медициналық университеттің студенті Е.Әубакіровтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктілер: Н.Әжімбай, А.Тихоненко, В.Шерстеневті қамауда ұстау мерзімін төрт айға ұзартты», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ұсталғандар Қылмыстық кодекстің 99-бабының екінші бөлігінің жетінші тармағында (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру) көзделген қылмысты жасағаны үшін тұтқындалды.

Тағы да оқыңыздар:

Шымкентте үш баланың анасын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Америкалық бойжеткен өз елінде қамыр жайып, қазақтың етін асты (фото)

Атырау тұрғыны ыңғайсыз аяқ киім үшін дүкен иесінен 65 мың теңге өндіріп алды

Қарағанды облысында радикалық діни ағымға тұрғындарды тартқан екі азамат сотталды

Алматыда әйел бір жасар қызын екі мың долларға сатып жібермек болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1127487-erasyl-aubakirovtinh-olimine-qatysty-3/