Сегіз жолбарысты өлтіріп алған Алматының хайуанаттар бағына жаңа жолбарыс әкелінбек
Опубликовано:
Құралай атты сегізінші жолбарысты өлтіріп алған Алматының хайуанаттар бағына жуық арада жаңа жолбарыс әкелінеді.
Алматының хайуанаттар бағы қайта жөндеуден өтеді. Ал, өлген жолбарыстың орнына жуық арада жаңа барыс әкелінеді деп хабарлайды Алматы арнасы.
Сонымен қатар, жыртқыш аңдар қазіргідей 40 шаршы метрлік қоршауда емес, табиғи мекеніне ұқсас жасақталған, кең аумақта тіршілік етеді. Тіпті, зообаққа акула жеткізу де жоспарда бар.
Төрт ай ауырып, өкпесі қабынып өлген Құралай атты жолбарыстың орнына жуық арада басқа жолбарыс әкелінеді. Хайуанаттар бағының басшылары қазір Мәскеудегі мамандармен келіссөз жүргізіп жатыр. Жаңадан жеткізілетін жыртқыш аңның құны қымбат болғанмен, оған қаржы жұмсалмайды. Тек бартер арқылы орнына үш жастағы еркек жолбарыс беріледі.
"Қазіргі кезде берейін деп жатқанымыз, амур жолбарысы. Аты Рада. Құйрығында жарасы бар, қазір соны емдеп жатырмыз. Координатор бізге бір ұрғашы жолбарыс тауып беремін деп уәде етті. Оны біз айырбастаймыз. 2013 жылы туған амур жолбарысының бірін айырбастаймыз", - деді Алматы хайуанаттар бағы директорының орынбасары Ағыбай Әжібаев.
Қазір бақта бес жолбарыс бар. Алдағы уақытта олардың орны ауыстырылып, тұратын жері 70 миллион теңгеге жаңартылмақ. Ал, әрқайсысы 40 шаршы метрлік қоршауда тұрған жеті аю да кең алаңқайға ауысады. Тар қоршаудан шығатын жыртқыш аңдардың қатарында қасқыр да бар. Олардың барлығына бөлінген бір гектарға жуық жер жабайы табиғат аясы секілді жасалады. Тіптен жыртқыш аңдардың тамағына қазіргідей дайын ет емес, тірі аңдар жіберілетін көрінеді.
Жуық арада зообақ ішінде алғаш рет акула әкелінбек. Құны 55 миллиондық қаржыға қазір аквариум толықтай жөнделіп жатыр.
Еске сала кетсек, осы зообақтағы Құралай атты жолбарыс ұзақ мерзімге созылған аурудан өліп қалған болатын.
Сонымен қатар оқыңыздар:
Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты ұсталғандардың қамау мерзімі ұзартылды
Қазақстанның ең бай он адамы анықталды
Америкалық Vogue Сағынтаевтың қызы туралы жазды
Алматыда әйел бір жасар қызын екі мың долларға сатып жібермек болды (фото)
Қарағанды облысында радикалық діни ағымға тұрғындарды тартқан екі азамат сотталды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1127507-segiz-zholbarysty-oltirip-alghan-almat/