Мұхтар Құл-Мұхаммед: 75 адамдық жер комиссиясының ар жағында 17 млн халықтың мүддесі тұр

Опубликовано:

Жер мәселесіне қатысты ортақ шешім шығаратын редакциялық комиссия құрылуы қажет. Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары - аталған комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай деді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Комиссияның құзіретіне келер болсақ, комиссия қандай да болмасын бір шешімдер қабылдаса, онда оның барлығы халықтың ұсынысы ретінде қаралуы керек. Біз парламентті өзгерте алмаймыз. Біз қандай өзгерістер енгізетін болсақ, ол ертең парламенттің алдына келеді. Парламентті бүкіл халық болып сайлады. Сол жерде талқыланатын болады. Сондықтан мен мынау комиссияның ең алғашқы отырысы басталған күні береке-бірлікпен жұмыс істесек деймін», - деді ол.

Осы ретте ол отырыста айтылған пікірлердің арасындағы қарама-қайшылық болса, оларды шешу үшін арнайы редакциялық комиссия құру қажеттігін атап өтті.

«Керек десеңіз 1991 жылдың  16 желтоқсан күні қабылданған Тәуелсіздік туралы Конституциялық Ата заңымыз үш күн бойы талқыланып, келісімге келе алмаған кезде, комиссия құрылған. Сол комиссияның атынан баяндама жасалған. Содан кейін барып, Тәуелсіздігімізді жариялағанбыз. Егер ортақ пікірге келе алмай  жатсақ, осындай комиссия құрып, соны комиссияның шешуші отырысында қарап, әрбір бабын талқылап, ортақ шешімге келгеніміз дұрыс деп ойлаймын», - деді Құл-Мұхаммед.

Ол комиссия мүшелерінің жер мәселесіне қатысты айтқан әрбір пікірі ескерілуі керектігін алға тартып, өз сөзінде жер реформасына қатысты мәселенің талқылануына жарты жыл уақыт бар екендігін, осы ретте комиссияның әрбір мүшесі  не  болмаса белгілі бір топтың, партияның, қоғамдық ұйымның, үкіметтік емес ұйымның өкілі өз пікірлерін жазбаша немесе ауызша комиссия отырысында талқыға салу керектігін атап өтті.

«Бұл 75 адамдық комиссия болғанымен, олардың  ар жағында 75 мың адамның мүддесі тұр. Тіпті, 17 млн халықтың мүддесі тұр деуге де болады. Бұл - біріншіден. Екіншіден, біз 100 пайыз дауыс беріп, 100 пайыз қол көтеретін коммунистік заманнан өтіп кеткенбіз. Демократиялық елдердің барлығында кез-келген мәселені талқылаған кезде көпшіліктің дауысына қарай, ыңғайына қарай жығылады. Бұл да қоғамда бар нәрсе. Бірақ, азшылық дауыс болды екен деп кейбір азаматтардың халықтың атынан айтқан пікірлері ескерілмеу керек деген сөз емес. Әрбір пікір ескерілуі керек. Заңның әрбір бабы бойынша елбасының айтып отырған тапсырмасы халықтың ортасына барып түсіндірілуі тиіс. Ертең ол да болады. Әртүрлі топтың пікірін ортаға салып, бәріміз бірдей соны талқылауымыз керек. Солардың барлығы ескерілуі қажет", - деді Құл-Мұхаммед.

Тағы да оқыңыздар:

Биыл Қазақстанда бөлінетін білім гранттарының саны белгілі болды

Мұхтар Тайжан: Халықтың ұстанымы айқын, жерімізді не сатуға, не жалға беруге болмайды

ШҚО-да жоғалып кеткен 14 жастағы қызды көршісі өлтірген болуы мүмкін

Елімізде 2 жылдан соң барлық жәрдемақылар алынып тасталады

Оңтүстікте жоғалған студент қызды туыстары шарқ ұрып іздеп таппай жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1127788-mukhtar-qul-mukhammed-bul-75-adamdyq-zher-k/