Бекболат Тілеухан: Жер сатылады деп даурығып, билікке кінә артпау керек
Опубликовано:
Ұлттық музейде өткен Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында депутат Бекболат Тілеуханов жер мәселесіне байланысты өз ойын білдіріп, жер халықтың басты асыраушысы дегенді айтты.
Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Жиында сөз алған Бекболат Тілеуханов Жер реформасын қайта қарауда біз халықтың мүддесін қорғайтын тұсын басты назарға алуымыз керек деді. Сондай-ақ, ол: «Ағайындар, жер — біздің басты байлығымыз, асыраушымыз, бабаларымыздан қалған мұра. Сондықтан да дауға байланысты даурығып, билікке кінә артпауымыз керек. Елбасының тапсырмасына сәйкес арнайы комиссия құрылды. Енді біз қазақ даласының болашағы үшін егжей-тегжей Жер кодексін қайта қарап, жұмыс жасаймыз. Жерді қорғау, қастерлеу бәріміздің мақсат-мұратымыз», – деді.
Сонымен қатар, мәжілісмен: «Елдің жерге деген махаббаты, бүлкілдеген жүрегі, қамқорлығы қазақ деген ұлттың қайсар екенін тағы бір көрсетті. Алайда, жер сатылады екен, қытайлықтар қаптайды деген сөз жалған. Бұл тиісті министрліктердің, біздің дұрыс жұмыс жасай алмағанымыздан орын алды. Халық наразылық танытты. Айналайын ағайын, жер сатылмайды, тек отандық кәсіпкерлер Жер-анаға ақша құйып, түлетіп, елдің экономикасын көтере алады», – деді.
Оқи отырыңыздар:
Айдос Сарым: Жер мәселесін шешпесек, экономика алға баспайды
Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері өз ойларын ортаға салды (фото)
Мұхтар Тайжан: Халықтың ұстанымы айқын, жерімізді не сатуға, не жалға беруге болмайды
"Еуразия" арнасы митингіге шыққандардың 150 доллар алғанын "дәлелдеді" (видео)
Украинада орысша сөйлеген депутатты әріптестері соққыға жықты (видео)
Танымал қоғам белсендісі Жер туралы комиссияның құрамынан шығып кетті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1127998-bekbolat-tileukhan-zher-satylady-dep-da/