Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қоғам белсендісі Жер туралы комиссияның құрамынан шығып кетті

Опубликовано:

“Алаш жолы” қозғалысы үкіметтік комиссия құрамынан шықты деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл ақпаратты «Алаш жолы» қозғалысы жетекшілерінің бірі Мақсат Ілиясұлы растады. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қоғам белсендісі бұл шешімді былай деп түсіндірген екен.

"Үкіметтік комиссия жөніндегі халықтың күдігі толықтай расталды. Қатыстық, көрдік, көз жеткіздік. Бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметтік комиссияға шақырылған 75 адамның 70-і қатысты. Өкінішке қарай, жер қазақстандықтарға да, шетелдіктерге де сатылмасын, жалға да берілмесін деген ұстанымды сол 70 адамның 11-і ғана қолдады және комиссия шешімі дауыс беру арқылы қабылданатын болды. Жалпы комиссия жұмысында көптеген кемшіліктер орын алды", - деп жазады Мақсат Ілиясұлы.

Осыдан соң, комиссия қызметіне көңілі толмаған белсенді Мақсат Ілиясұлы комиссия құрамынан шығатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, кеше жер реформасына қатысты арнайы құрылған үкіметтік комиссияның алғашқы отырысы өткен болатын.

Оқи отырыңыздар:

Айдос Сарым: Жер мәселесін шешпесек, экономика алға баспайды

Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері өз ойларын ортаға салды (фото)

Бекболат Тілеухан: Жер сатылады деп даурығып, билікке кінә артпау керек

Мұхтар Тайжан: Халықтың ұстанымы айқын, жерімізді не сатуға, не жалға беруге болмайды

"Еуразия" арнасы митингіге шыққандардың 150 доллар алғанын "дәлелдеді" (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1128041-tanymal-qogham-belsendisi-zher-turaly-k/