Алматыға Қазаннан құдай анасы бейнесі жеткізілді
Опубликовано:
Алматыға Ресейдің Қазан қаласынан құдай анасы бейнесі бірнеше күнге әкелінді деп хабарлайды Азаттық.
Православтар қасиетті санайтын Мәриям бейнесі мамырдың 14-16 және 18-21 күндері Иверско-Серафимовский монастырындағы София соборында, 22 мамырда – Никольск шіркеуінде болады. Қасиетті затты Қазақстанның кейбір қалаларына да апару жоспарланған. Мысалы, 17 мамырда оны Шымкентке жеткізбекші.
Қазан құдай анасы бейнесі Ресей правлослав шіркеуіндегі емдік қасиеті бар аса қастерлі заттардың бірі саналады. Православ дініндегі мұндай қасиетті заттарды Қазақстанға жылына бір-екі рет қана әкеледі. Былтыр Костромодан құдай анасы бейнесі, оның алдында Мәскеудегі ғибадатханалардың бірінен құдай анасы белдігінің жұрнағы әкелінген.
Бұл заттар сақталатын жерге елдің бәрінің аяғы жете бермейтіндіктен, ара-тұра оларды өзге елдер мен қалаларға уақытша алып шығады. Бұл жолы Қазан құдай анасы бейнесі ол қаладан тыс жерге алғаш рет шығарылып отыр. Алматы епархиясының ақпараты бойынша, Қазандағы православтардың бір бөлігі қасиетті затты қаладан шығаруға қарсы болған.
Тағы оқыңыздар:
Мұхтар Тайжан: "Қазақ жалқау" деген сөз – құлдық сананың көрінісі
Мұхтар Шаханов: Жерді шетелге сатқанды да, жалға бергенді де тоқтату керек
Лондонда қашып жүрген қазақ магнатының мүлкі аукционға қойылды
Атырауда жоғары сыныпта оқитын 27 қыз жүкті болып қалған
Танымал қоғам белсендісі Жер туралы комиссияның құрамынан шығып кетті
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1128341-almatygha-qazannan-quday-anasy-beynes/