Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда алаяқ қымбат көлік әперемін деп елдің 31 млн-нан астам теңгесін қағып алған

Опубликовано:

39 жастағы Чалбасов Нұрлан алматылықтарды қымбат көлік әперемін деп алдап, 31 млн теңгесін қолды еткен. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімі хабарлағандай, күдікті шетелден қымбат көлік тасумен айналысатын жеке кәсіпкерлік ашқан. Өзінің қызметі үшін ол көлік құнының 70 пайызын алдын ала алып отырған. Осылайша аңқау тұрғындардан 31 млн 200 мың теңге жинап алған.

«2016 жылдың ақпанында ол Қазақстан-Ресей шекарасында ұсталды. Жалған құжатпен шетел аспақ болған. Оның компаниясы сыртқы экономикалық қатынастардың қатысушысы ретінде кедендік органдарда тіркелмегені анықталды. Яғни, ол о бастан көлік әкелуді емес, адамдардың сеніміне кіріп ақша табуды ойлаған. Егер оның әрекетінен жапа шеккен азаматтар болса, 254-47-62; 254-47-02 нөмірлеріне хабарласуын өтінеміз», -  деді Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі Азамат Нұрболатов.

Қазір күдікті ІІД уақытша ұстау оқшаулағышында отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстаннан шыққан бұрынғы саентолог ашық сұхбат берді

Алматыға Қазаннан құдай анасы бейнесі жеткізілді

Лондонда қашып жүрген қазақ магнатының мүлкі аукционға қойылды

Атырауда жоғары сыныпта оқитын 27 қыз жүкті болып қалған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1128463-almatyda-alayaq-qymbat-kolik-aperemin/