RU

Ресейде қазақстандық азамат үш жасар баласын 1,5 млн рубльге сатып жібермек болды

Қазақстан тумасы Ресейде үш жасар баласын 1,5 миллион рубльге сатып жібермек болды. Ер адам ол ақшаға Липецкте үй сатып алмақ болған. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ресейде өз баласын сатып жібермек болған қазақстандық ер адам сотталуда. Ол баласын сатып алушыларды интернет арқылы іздестірген. Абырой болғанда, баланың сатылатыны туралы хабарламаны бірінші болып полицейлер байқаған.

Олар өздерін сатып алушы ретінде таныстырып, ер адаммен байланысқа шығады. Қазақстандық өз баласын жалғыз өзі асырай алмайтындықтан сатып жатқанына сендірмек болған. "Әйелі қайтыс болғаннан кейін баласына қамқор бола алмайтынын ұққан" ер адам кішкентайы үшін 1,5 миллион рубль сұратқан.

Полицейлер баланы сатып алатын болып келісіп, қазақстандық азамат қылмыс үстінде ұсталды. Кейін баланың анасы тірі екені анықталды. Ол күйеуімен бірігіп, өзінің қазасы туралы жалған анықтама жасаған.

Енді баласын сатып жібермек болған қатыгез ата-ананы он жыл түрме күтіп тұр.

Варвара Соловейдің материалынан аударылды.

Тағы да оқыңыздар:

Мұхтар Шаханов: Жерді шетелге сатқанды да, жалға бергенді де тоқтату керек

Қазақстаннан шыққан бұрынғы саентолог ашық сұхбат берді

Алматыға Қазаннан құдай анасы бейнесі жеткізілді

Лондонда қашып жүрген қазақ магнатының мүлкі аукционға қойылды

Атырауда жоғары сыныпта оқитын 27 қыз жүкті болып қалған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1128618-reseyde-qazaqstandyq-er-adam-ush-zhasar/