ШҚО-да үш баласын өлтіріп, кейін өзі асылып қалған әйел өлер алдында хат қалдырған
Опубликовано:
ШҚО-ның Шемонаиха қаласында болған жантүршігерлік оқиға талайды есеңгіреткен болатын. 35 жастағы әйел үш баласын асып өлтіріп, артынша өзі де асылып қалған. Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
27 сәуір күні кешкісін қалалық энергетикалық өнеркәсіптің қызметкері Ердос әдетінше жұмыстан үйіне оралады. Алайда осы жолы оған есікті ешкім ашпай қояды. Есігі іштен бекітілген үйде жары Индира, екі қызы және ұлы күтіп отыруы тиіс болған.
Жақындарына алаңдаған ер адам көршісінен балкон арқылы үйіне кіруіне рұқсат сұрайды. Көрші әйел келісімін береді.
Ердос балконнан үйіне кіргенде көрген жантүршігерлік жағдайды сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Жатын бөлменің есігіне ілінген арқанда Индира асылған күйі болған. Ал жасы екі жарымға енді жеткен кішкентай Нұрсұлтан ваннада асылып жатқан.
Бес жасар Дания болса, әжетханада асылып тұрды. Ал он жасар қызы Елдана залда арқанға асылған.
«Мен жантүршігерлік айқайды естідім. Оларға көтеріліп, есікті қақсам, ол (Ердос) қолында мойнына арқан тағылған ұлын ұстап тұрып есікті ашты. Кіреберісте мен үлкен қызын көрдім. Есінен танып қалған секілді. Әрине мен оған жүгіріп барып, жүрек соғысын тексердім, алайда ол демалмай жатты», - дейді көршісі Әйгерім.
«Жедел жәрдем» мен полицияны шақыртқан көршісі болатын. Пәтерде тергеушілер Индира қалдырған өлер алдындағы хатты тапты.
«Мен, Индира Е., ақыл-есім орнында бола тұра, менің және менің балаларымның өліміне мені күнде итермелеген кінәлі адамдарды жазалауды сұраймын», - деп жазған әйел.
«Басты болжам бойынша әйел балаларын асып өлтіріп, кейін өзі асылып қалған. "Адам өлтіру" және "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — дейді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.
Төртінші сынып оқушысы Елдана үйіне мектептен келгенде оның інісі мен сіңлісі тірі болмаған, анасы тек соны өлтіру үшін өзіне қол салмай күтіп отырған.
Отбасының көршілері олардың үйінен бұған дейін ешқандай жанжал шықпағанын алға тартты.
«Мен тек Индира мен оның күйеуінің туыстары арасында кикілжіңдер болғанын естідім... Дегенмен, түсініспеушіліктер барлық отбасында болады, осындай әрекетке итермелейтіндей жағдай болағанына сене алмаймын» — дейді тұрғындардың бірі.
Ердостың әкесі болса, үш баласын өлтірген Индираның ақыл-есі дұрыс болмаған деп топшылап отыр.
«Ол қайғылы жағдай болмай тұрып та өзін біртүрлі ұстайтын, жиі жанжалдар шығаратын. Бұл - ақыл-есі дұрыс емес адамның әрекеті. Ұлым бұл жайттан кейін әлі есеңгіреп жүр. Психологтардың көмегіне жүгінуде. Бәріміз оған көмектесуге тырысудамыз», - дейді ол.
Тағы оқыңыздар:
Атыраулық имамдар Алладан елді әбігерге салған нөсерді тоқтатуды сұрап, дұға оқыды (фото, видео)
Қазақстанға оралған Қанат Ислам ұлының тұсауын Алматы әуежайында кесті
ОҚО-да таксиге мінгеннен кейін жоғалып кеткен студент қызды көрген куәгер табылды
Оралда жыныс мүшесін балаларға көрсетпек болған азғын ұсталды
Дінтанушылар қазақ жігіттерінің арасында гейлердің көбейгенін айтып, дабыл қақты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1131209-shqo-da-ush-balasyn-oltirip-keyin-ozi-asy/