ТЖД: Алматы маңындағы тауларда топырақ жылжу қаупі басым

Опубликовано:

Алматы маңындағы таулы жерлерде топырақ пен тау жынысы құлап, жылжу қаупі өте жоғары деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) 19 мамырда таратқан ақпаратында.

Департамент қауіпке байланысты қала тұрғындары мен сырттан келушілерге таулы жерлерге барудан тартына тұруға шақырады.

"28 сәуір мен 19 мамыр аралығында 30-дан астам топырақ жылжу оқиғасы байқалды" делінген департамент ақпаратында. Хабарламада тау бөктерлеріне жақын орналасқан үйлердің тұрғындарына тау бөктерлерін бақылап отыруды және топырақ жылжу, сырғу қаупі туғанда қауіпті аймақты тастап, төтенше жағдайлар қызметін хабардар етуді ұсынады.

Алматыда соңғы бірнеше күнде нөсер жауын болып, ондаған үй мен ауланы у басқан. Нөсер жауын таулы жерде топырақтың қатты ылғалданып, жылжуына себеп болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1132988-tzhd-almaty-manhyndaghy-taularda-topyra/