Алматыдағы Республика алаңы қайта ашылды

Опубликовано:

Алматыда Республика алаңы сағат 11:30-да қайта ашылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Байсейітов көшесінің бойымен Абай даңғылынан Республика алаңындағы "Алтын адам" мүсініне дейінгі жер қайта ашылып, адамдар ол аймақта еркін жүру мүмкіндігін алды", - дейді оқиға орнындағы NUR.KZ порталының тілшісі.

Алайда арнайы қызмет өкілдері алаңнан тарқаса қойған жоқ.

Алаңда күдікті шөлмектер табылғанын желі қолданушылары растап отыр.

Бұған дейін Алматыда Республика алаңындағы аймақты жауып тастағанын және онда екі өрт сөндіруші көлік, арнайы қызмет көліктері мен ит жетектеген кинологтар, полицейлер мен саперлер жүргенін хабарлаған болатынбыз.

Полицейлер бұл жайтқа қатысты, әзірге еш түсініктеме бермеді.

Тағы да оқыңыздар:

Сағынтаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші аптадағы жұмысын қорытындылады

Назарбаев: Жерге жаны ашығандардың бәрі өз сөзін айтсын

Назарбаев әкімдерге жер реформасын белсенді түрде түсіндіруді тапсырды

Зиялы қауым өкілдері жердің шетелдіктерге жалға берілуін қолдады

Қытайлық БАҚ Қазақстанның 3 мың гектар жеріне бидай егетінін хабарлады

Қазақстанның барлық аймағында жер дауына қатысты белсенділер қамалуда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1133998-almatydaghy-respublika-alanhy-qayta-ash/