Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында екі жасар қызын жоғалтып алған ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Осыдан он күн бұрын Ақмола облысы Целиноград ауданында жоғалып кеткен Эллина Кульдинаның ата-анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қыз әлі де іздестіріліп жатыр, қазір оны тек судан іздеуде. Сәби суға батып кетті деген болжамдамыз. Іс-түссіз жоғалған ретінде іздестіру ісі қолға алынды. Ата-анасына қатысты 141 бап бойынша (балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін тиісті орындамау) қылмыстық іс қозғалып отыр», – деді Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук.

Дей тұрғанмен, баспасөз хатшысы атап көрсеткендей, қыздың жоғалып кетуіне ата-анасының қатысы бары туралы болжам қарастырылмайды.

«Эллинаның жоғалып кетуіне олардың қатысты болуы туралы сөз болған емес», - деді Пинчук.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 10 мамырда елордада тұратын Кульдиндер отбасының Целиноград ауданы Р.Қошқарбаев атындағы ауылға таяу Нұра өзенінің жағасында демалу кезінде болды. Сағат 19 шамасында ерлік-зайыпты көлікке заттарын салып жатып, екі жасар қыздары Эллинаның жоғалып кеткенін аңғарады.

Қыздың үстінде хакки түсті куртка, боз түсті вельвет шалбар, қызыл кроссовка, басында түрлі түстен тоқылған тоқыма шапка болған. Ерекше белгілері: бойы 85-90 см, арықша келген, қой көзді, шашы сары, қысқа, келте мұрын. Полиция қандай да бір мәлімет болса 8-716-51-25-00-2 телефонына немесе 102-ге хабарласуды сұрайды.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте темекіні бұрқыратып отырған үш жасар баланың әрекеті жұртты шошытты

Алматыдағы Республика алаңы қайта ашылды

Қазақстан мен Ресейдің арнайы қызметі теракт жасамақшы болғандардың жолын кесті

Қазақстанның қай жоғары оқу орындары 2016 жылы үздік деп танылды?

Мәдениет министрі Нұрсұлтан Назарбаев туралы алтыншы фильм түсіретін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1134110-aqmola-oblysynda-zhoghalghan-eki-zhasar-q/