Алматыдағы алаңның жабылуы: Полицейлер көптеген қару мен 5 млн теңге тауып алды (фото)

Опубликовано:

Полицейлер "Республика" мен "Астана" алаңдары маңындағы жасырын орындардан жарылғыш сұйықтық құйылған шөлмектер, ондаған білтемір, бензин құйылған канистра, металл темірлер тапты.

Бұл туралы NUR.KZ порталына Алматының баспасөз қызметі хабарлады.

Алмалы және Медеу аудандарындағы екі пәтерден бірнеше Макаров пен "ТТ" тапаншасы, 4 РГД-5 гранатасын, мылтықтар, сондай-ақ, 5 млн теңге көлемінде қаржы табылды.

Күдікті ретінде 5 адам ұсталып, Ішкі істер органдарына жеткізілді.

Соталды тергеу басталып, күдіктілердің сыбайластары бар-жоқтығы анықталуда.

Еске салсақ 20 мамыр күні Алматыда Республика алаңындағы аймақты жауып тастағанын және онда екі өрт сөндіруші көлік, арнайы қызмет көліктері мен ит жетектеген кинологтар, полицейлер мен саперлер жүргенін хабарлаған болатынбыз. 11:30-да алаң қайта ашылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1134265-almatydagha-alanhnynh-zhabyluy-policeyl/