Астанада жоғалып кеткен 11 жасар қыз аман-есен табылды

Опубликовано:

Астанада 19 мамыр күні жоғалып кеткен 11 жасар Жамал Бекетова табылып, үйіне аман-есен оралды.

Бұл туралы NewTimes.kz ақпарына сүйенген ras.kz тілшісі хабарлады.

Сол күні сағат 23:00 шамасында Алматы аудандық ішкі істер басқармасының кезекшлік бөліміне Астана қаласының тұрғыны Алтыншаш Бекетова келіп, сағат 15:00 кезінде үйден шығып кеткен 11 жасар қызының қайтып оралмағанын және оның қайда жүргені белгісіз екенін айтып шағымданған.

Бүгін 2005 жылы туған оқушы қыздың табылып, ата-анасының қолына тапсырылғаны белгілі болып отыр. Ол Астана қаласындағы Железнодорожный кентінде жүрген екен. Полицейлердің айтуларынша, оның өзіне және денсаулығына ешқандай залал келтірілмеген.

Анықталғандай, Жамал бұған дейін де үйінен бірнеше рет кетіп қалған көрінеді. Осыған байланысты ішкі істер қызметкерлері оның ата-анасымен алдын алу жұмыстарын жүргізіп те келген екен.

Атап өтетін жайт, іздестіру жұмыстарына волонтерлер мен жергілікті тұрғындар да қатысқан. Қыздың жоғалғаны жайындағы хабарландырулар әлеуметтік желілерде де жарияланған.

Тағы да оқыңыздар:

Алматы мен Астанада өтпей қалған митингтерге қалай тосқауыл қойылды? (фото)

Дос Көшім: Жерді сату мен жалға берудің айырмасы шамалы

Министрлер "майданы": Мұхамедиұлы Білім министрі Сағадиевті сөкті

Оңтүстік Кореяда қазақстандық бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Атырау облысының әкімі митингте берген уәдесін бұзбадым деп есептейді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1135809-astanada-zhoghalyp-ketken-11-zhasar-qyz-ama/