Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында полицей ұрыны атпен қуып, ұстап алды

Опубликовано:

Қостанай ауданында полиция лейтенанты 50-ден астам бас қойды ұрлап бара жатқан барымташыны ұстады.

Қостанай аудандық ішкі істер бөліміне қарасты криминалдық полицияның жас қызметкері 20 шақырым жаяу жүріп, кейін атқа отырып ұрының ізіне түскен, деп хабарлайды BNews.kz.

Таңғы сағат 5-тер шамасында Қостанай АІІБ-ге Садовый кентінің 54 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер 51 бас қойын ұрлап кеткенін айтқан.

Сол күні кезекшілікте болған лейтенант Олжас Нұржанов ұрының 20 шақырымдай ізіне түсіп, содан соң жолында кезіккен бақташының атымен қуып жетіп, ұстаған.

«Оқиға болған жерге келсек, қораның құлпы бұзылыпты. Тергеуші үй иесімен сөйлесіп, арнайы маман дәйектер іздеуге кірісті. Мен малдың ізін байқап қалып, сол ізбен жүріп отырдым», – дейді Олжас Нұржанов.

Отбасы мүшелерінің бірі маңайдағы ауылдарды аралап, өз бетінше іздеп таппаққа әрекеттеніпті. Ал жедел уәкіл малдың ізімен кете барған. Осиновка кентіне 20 шақырымдай қалғанда, полицейдің артынан көлікке отырған мал иесі жетіп, олар қай бағытқа жүретіндіктерін анықтап алған соң әрі қарай кете барады.

«Аудан орталығы Затобол кентіне жеткенде, мал бағып жүрген бақташыны кезіктіріп, оған бірнеше бас қойдың жоғалғаны туралы айттық. Ол осыдан жарты сағат бұрын қойларды және оны айдап бара жатқан көк куртка киген жігітті көргенін баяндады», – дейді лейтенант Нұржанов.

Бес шақырым жүрген соң жедел уәкіл ұрланған қой мен күдіктіні көзі шалады. Полицей киімін киген адамды көрген ұры дереу қаша жөнелген.

Далада су толы тоғандар көп болғандықтан, жеңіл көлікпен жүру мүмкін болмаған. Сөйтіп, Олжас Нұржанов күдіктіні қуып жету үшін, бақташының атын сұрап алып ізіне түседі. Кейін белгілі болғандай, полицей сол кезде атқа өмірінде алғаш рет отырған көрінеді.

Ұсталған күдікті Новоселовка кентінің бұрын істі болған 20 жасар тұрғыны болып шықты. Ұрланған малды ол сатып, пайда қылмақшы болған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттік келіншек алқаш күйеуінен көрген жәбірі туралы баяндады

Қарағандылық бойжеткен қыздарды Араб әмірліктері мен Бахрейнге "сексуалды құлдыққа" сатқан

ОҚО-да ломбард қызметкері ұрлығын жасыру үшін полицияны аяғынан тік тұрғызды

Атыраулық альпинистер балалы әйелді өрттен құтқарып қалды

Үлкен Алматы көлінде фотоға түсіруге тыйым салынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1136726-qostanay-oblysynda-policey-uryny-atp/