Елімізде бала көтере алмай жүрген 1 млн-нан астам әйелдің көбі халық емшілерін жағалап кеткен

Опубликовано:

Елімізде бір миллионнан астам әйел бала табуға қабілетсіз. Яғни, ерлі-зайыптылардың 20 пайызы бедеуліктің зардабын тартуда деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл көрсеткіштен шошыған отандық дәрігерлер дертпен күресудің жаңа тәсілдерін енгізіп жатыр. Мамандар тұрақты емнің арқасында небәрі бір жарым жылдың ішінде келіншектерге бала сүю мүмкіндігін сыйлауға болады деген сенімде.

Елімізде бедеуліктің белең алуы, әсіресе, ақ халаттыларды алаңдатып отыр. Себебі, бала туа алмай жүрген әйелдер саны миллионнан асып барады. Бірақ солардың көбі дәрігер емес, халық емшілерін аралап кетеді екен. Осылай, ауруын асқындырып алғандар көп. Қазір отандық медицина бедеулікпен күресуге қауқарлы. Мәселен осы саладағы білікті маман Сәдуақас Мұстафаев талай отбасына сәби сүю бақытын сыйлаған.

Профессор Мұстафаев өзіне келген бес әйелдің үшеуі бір жарым жыл екі жылдың ішінде бала көтергенін айтады.

Бедеулікті емдеуге мүмкіндік алған мамандар, науқастардың ішкі ағзаларына тиіспей де ота жасай алады. Әсіресе, жатыр сақтап қалу операциялары оң нәтиже беруде. Мұнымен отандық медицинадағы жетістіктер бітпейді. Бір ғана наркоздың көмегімен бірнеше операцияны қатар жасай аламыз дейді дәрігерлер.

Яғни, қайта-қайта пышаққа түспей, бір оқпен бірнеше қоянды атуға болады. Айта кетсек, мұндай отаның енгізілгеніне 3 жылдан асқан. Сондықтан мамандар сырқат белгісі пайда болғанда-ақ бақсы-балгерді жағаламай, медицинаға жүгінуге шақырып отыр.

Тағы оқыңыз:

Бердібек Сапарбаев: Биліктің кемшілігі – халықпен сирек кездесуі

Атырауда 16 жасында жүкті болып қалғандарға қатысты қылмыстық істің көбі үйлену тойымен аяқталады

Ақмола облысында өлі денесін балықшы тапқан Эллина Құлдина жер қойнына берілді

Қазнетте педофилдердің есімдері мен суреттері жарияланды

Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қызды өзімен қатарлас балалар тауып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1137291-elimizde-bala-kotere-almay-zhurgen-1-mln/