Алматы облысында балабақшада аяғын сындырып алған бала екі айдан бері төсекке таңулы жатыр
Опубликовано:
Алматы облысы Ұзынағаш ауылында бес жасар Мұхамедтің аяғы морт сынып, екі айдан бері төсекке таңулы жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.
Бүлдіршіннің ата-анасы содан бері ісіне салғырт қараған балабақша қызметкерлерін жауапқа тартқыза алмай жүр. Басшылық тұрмақ, тәрбиешінің өзі ескерту де алмапты.
Белуарына дейін гипс қапталған Мұхамед өзі отырып-тұра алмайды. Әке-шешесі қазір бар тірлігін тастап, ұлына қарасумен күндерін өткізіп жүр. Айтуларынша, қапыда болған қателікті балабақша басшылығы да, тәрбиеші де мойындамай қойған.
"Жүгіріп жүріп құлап қалды, аяғы сынып қалды дейді. Олар ұрып сындырды ма, не істеп сындырды? Бізге сол дәлел керек болып тұр, ақиқат керек боп тұр. Сынатын болса үйде күніне жүз рет құлайды ғой, неге сынбайды?", - дейді Мұхамедтің анасы Алтынай Сүгірова.
Ал баланы мұндай жағдайға түсірген балабақша қызметін сол қалпы жалғастырып жатыр. Тек тілшілер келердің алдында меңгерушінің қан қысымы көтеріліп, емханаға кеткен. Сол күні кішкентай Мұхамедке жауапты болған тәрбиеші тіпті Талдықорғанға жолға шығып кетіпті.
Ал қалған қызметкерлер өз айыптарын жуып әлек. Айтуларынша, тәрбиешінің өзі де, ұжым болып та көмек көрсетпек болыпты. Бірақ, ата-анасы одан бас тартты дейді.
Қайдар мен Алтынай енді жұмысына салғырт қараған тәрбиешіні күйеуімен қосып үстерінен арыз жазып жатыр. Айтуларынша, тәрбиешінің күйеуі бұған дейін еш жерге айтқызбай, бүкіл ем-домын көтерем деп ант су ішкен екен. Бірақ, артынша сөзінен тайқып шығыпты. Әрі жауапсыз балабақша басшылығы да жауапқа тартылса дейді қамкөңіл ата-ана.
Тағы оқыңыз:
Елімізде бала көтере алмай жүрген 1 млн-нан астам әйелдің көбі халық емшілерін жағалап кеткен
Елімізде бір жасқа дейінгі сәби өлімі күрт артқан
Қазақстанда 100 жүкті әйелдің тек 20-ның ғана дені сау
Ақтөбеде ер адам әйелі мен баласына ВИЧ инфекциясын жұқтырған
Елімізде бір жасқа дейінгі сәби өлімі күрт артқан
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1137415-almaty-oblysynda-bes-zhasar-balanynh-ba/