Қарағандылық ұстаз бесінші сынып оқушыларына педофил туралы ұятсыз жұмбақ жасырған

Опубликовано:

Қарағандыда 30 жыл ұстаздық еткен әйел бесінші сынып оқушыларына педофил туралы ұятсыз жұмбақ жасырған деп хабарлайды NUR.KZ порталы оқушының ата-анасына сілтеме жасап.

"Оқушылар ата-анасына гимназия ұстазының сурет сабағында жасырған жұмбағын айтып жүр. "Әуе апатынан кейін екі айлық бала мен оның әкесі тірі қалады, ол нәрестені немен тамақтандырды?". Бұл жұмбақты менің балам да маған айтып берді", - дейді әйел.

Оның айтуынша, балалар жұмбақтың жауабын таппай, біраз сабылған. Бірі ер адам аң аулап, соның етімен тамақтандырды десе, енді бірі ағаштың шөбімен тамақтандырды деп санаған. Алайда мұғалімнің жауабы талайды есеңгіреткен.

"Ол "ер адам нәрестесін өз шәуетімен тамақтандырды" деп жауап берген. Онымен қоймай, ер адамның өз мүшесін нәрестенің аузына салып тұрып, шәуетін шашқанын" баяндаған. Осындай сөздерді сурет сабағында кішкентай балаларға айтқаны ақылға қонымды әрекет пе?", - деп ашуланды оқушының ата-анасы.

Осы жайттан кейін бірден бірнеше ата-ана бір-біріне қоңырау шалып, балалардың өтірік айтпайтынына көз жеткізген. Олар бірден мектеп директорынан ұстазды жұмыстан шығаруын талап еткен.

«Бұл әйел 30 жыл ұстаздық етіп, зейнетке шығуын күтіп жүрген. Біздің арызымыздан кейін бірден қызметтік тергеу жүргізілді. Бірақ ол тергеудің аяқталуын күтпей жатып, өз еркімен жұмыстан кетті. Ал балалардың әңгімесі ойдан шығарылған деп ақталды. 20-дан астам бала бірден осындай өтірік ойлап табуы мүмкін бе?", – дейді ата-ана.

Ал гимназия әкімшілігі болған жайтқа түсініктеме бермеді. Олар директордың жұмыс орнында жоқтығын алға тартты.

Тағы да оқыңыз:

Алматылық жігіт Мәскеу әскери институтындағы әлімжеттіктің құрбаны болды

Жезқазғанда үстіне зәр төгілген полицейге кесілген жаза қайта қаралатын болды

Алматыда жантүршігерлік апаттың куәгері болған оқиғаны айтып берді

Алматы облысында көзінен айырылған жігіт депутаттың ұлын жауапқа тартқыза алмай жүр

Қырғызстан Арыстанбек Мұхамедиұлының мигранттар жайлы сөзінен соң қарсылық нотасын жолдады

Аса ірі көлемде ақша жымқырған Қазақстан азаматы Сауд Арабиясында ұсталды

Асқар Жұмаділдаев: Орта мектепте барлық пәндер ана тілінде оқытылуы тиіс

Тасмағамбетов Сарыөзектегі сарбаз өліміне кінәлілерді дереу жазалауды тапсырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1138544-qaraghandylyq-ustaz-besinshi-synyp-oqu/