Мұхтар Тайжан: Үш атасы Қазақстанда туғандар жерді жалға алсын

Опубликовано:

Жер реформасы жөніндегі комиссияның жанынан құрылған Құқықтық жұмыс тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан үш атасы қазақ жерінде туылған ел азаматы жерімізді жалға алсын деген ұсыныс айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бүгін күн тәртібінде біз екі мәселені қарап отырмыз. Жерді жалға береміз бе және жерді шетелдіктер жалға ала ма? Өз басым жерді белгілі бір шектеумен, көлеммен және мерзіммен жалға беруіміз керек. Үш атасы өз елімізде туылған азаматтарға ғана жерді жалға алу құқы берілуі керек деп ойлаймын», - дейді Мұхтар Тайжан.

Сондай-ақ, жұмыс тобының жетекшісі өз ұсынысында жерді жалға беруге қатысты көптеген пікірді айтты.

«Соның бірі – егер жерді жалға алған азамат үш жыл ішінде жерді ешбір өңдей алмаса, оның жері мемлекетке қайтарылуы керек. Сол сияқты, жердің құнарлылығын жоғалтып, тоздырған жалға алушылар да жауапкершілікке тартылғаны жөн», - дейді жұмыс тобының жетекшісі.

Тағы оқыңыз:

Бекболат Тілеухан солтүстіктің бос жатқан жерлеріне оңтүстіктің халқын көшіруді ұсынды

Астанада ерлі-зайыптылар жезөкшелерге арналған притондар ұйымдастырған

АҚШ-қа сегіз жыл бұрын көшіп кеткен қазақ ғалымы шетелдегі өмірі туралы баяндады

Ұлттық экономика министрі: Әншейін сұраған адамға жер бере беруге болмайды

Австриялық кәсіпкер қазақтардың кешігу әдетін сынға алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1139237-mukhtar-tayzhan-ush-atasy-qazaqstanda-tu/