Шымкент тұрғындары тегін жер телімін алу үшін өтініш тапсырып жатыр

Опубликовано:

Шымкентте қалалық әкімдігінде азаматтар мемлекет есебінен тегін жер телімін алуға өтініш тапсырып жатыр деп хабарлайды Азаттық.

Бірақ әкімдік өкілдері қазір жер телімі беріліп жатпағанын айтады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, кешеден бері "әкімдік жері жоқ азаматтарға 10 сотықтан тегін жер беріп жатыр" деген ақпаратты естіп, қалалық әкімдіктен жер сұрап, өтініш тастап жатыр. Әкімдікте азаматтардан өтініш қабылдайтын екі жәшік орнатылған.

Шымкент қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Қасымбек Сайлаубаевтың Азаттыққа айтуынша, кешелі бері азаматтардан жер телімін беру туралы үш мың өтініш түскен.

"Осы кезге дейін азаматтардан жер телімін беру туралы 65 мың 500 өтініш түсіп, кезек жасалған. Бірақ 2008 жылдан бастап жер телімін беру тоқтатылды. Себебі - жер телімін беретін аймақтарда инфрақұрылым тартылмаған. Біз ондай жерді бере алмаймыз. Ал мына өтініш тапсырған адамдар 65 мың 500 адамнан кейін кезекке тұрады. Жер кезекпен ғана беріледі", - деді Сайлаубаев.

Өтініш тастауға келген адамдар бұған дейін "әкімдік азаматтарға жер беріп жатыр" деген ақпаратты естіп келгенін айтады. Бірақ әкімдік жер телімі беріліп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды. Әкімдік енді азаматтарды өтініштерін жер қатынастары басқармасына тапсыруды сұрап, сол мекемеге жіберіп жатыр.

Тағы оқыңыз:

Бекболат Тілеухан солтүстіктің бос жатқан жерлеріне оңтүстіктің халқын көшіруді ұсынды

Астанада ерлі-зайыптылар жезөкшелерге арналған притондар ұйымдастырған

АҚШ-қа сегіз жыл бұрын көшіп кеткен қазақ ғалымы шетелдегі өмірі туралы баяндады

Ұлттық экономика министрі: Әншейін сұраған адамға жер бере беруге болмайды

Мұхтар Тайжан: Үш атасы Қазақстанда туғандар жерді жалға алсын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1139362-shymkent-turghyndary-tegin-zher-telimin/