80 жастағы ақтаулық ақсақал ғылыми жұмысымен ресейлік ғалымдарды таң қалдырды

Опубликовано:

Ақтауда сексеннің сеңгіріне келген шағында ғылыми диссертация қорғаған қария тұрады. Ғұмырын мұнай саласына арнаған зейнеткер жүзге жуық ғылыми мақаланың авторы, деп жазады Хабар арнасы.

Ақсақал былтыр Мәскеуде өзі жазған еңбегін сәтті қорғап, экономика ғылымдарының докторы атанған. Қарияның он жыл дайындаған жұмысы ресейлік ғалымдардың таңдайын қақтырған.

Көркембай Алданиязов бірнеше жыл бұрын Ақкетік қаласынан Ақтауға көшкелі жастар тәрбиесіне ден қойыпты. Жергілікті колледж, институттарда дәріс оқып, профессор атағын да иеленген. Қарияның еңбектері бүгінде мұнайшы мамандығына баулитын оқу орындарында кең қолданыста. Үш баладан сегіз немере мен екі шөбере сүйіп отырған Көркембай Назарұлының ендігі мақсаты - өзі жазған оқу құралдарын қазақ тіліне аудару.

"Менің диссертациям өндірістегі шығындарды азайту жөнінде. Бес экземпляр, әрқайсысы 350 беттен. Оқыды, қарады, қабылдап алды, жарайды екен қорғауға деп. Енді ғылыми еңбек жазам. Ғылым жаңарып жатыр, бұрынғы жазғандарым ескіріп жатыр", - деді экономика ғылымдарының докторы Көркембай Алданиязов.

Тағы оқыңыз:

Желі қолданушылары Шымкенттегі жалаңаштанған әйел мүсінін мазақ етті

Мұхтар Тайжан: 1083 адамды тұтқындаған полиция өз істеріне жауап беруі тиіс

Құрылыс компаниясын бетімен жіберген Шымкент басшылары облыс әкімінен ұрыс естіп, тынды

Қазақстанның Үндістандағы бұрынғы консулы мемлекетке $200 мың залал келтірген

Жалғызбасты әйелдерге алимент енді мемлекет есебінен төленуі мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1139730-aqtauda-80-zhasqa-kelgen-qariya-ghylymi-dis/