Әйгілі миллиардер қазақтарға шетелге көп жүгінбеу туралы кеңес берді

Опубликовано:

Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма «Қазақстан» Орталық концерт залында өтіп жатқан пленарлы отырыста Қазақстанға шағын және орта бизнесті дамыту туралы кеңес берді, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Мен Қазақстан жайлы көп білемін деп айта алмаймын. Дегенмен, егер сіздерде мұнай өндіру жұмысы жақсы жолға қойылса, онда бұл жерде ірі компаниялар баршылық. Менің Қазақстанға берер кеңесім – сіздерде шағын компаниялар көп болуы қажет. Сіздер сервистік қызметтерді дамытамын десеңіздер, экономиканы екпінді қыламын десеңіздер, шағын кәсіпорындарды көптеп ашыңыздар. Ал шағын компанияларды көбейту үшін сіздерде кәсіпкерлер көп болуы қажет», - дейді ол.

Сонымен қатар, Джек Ма елдің дамуы үшін жастарға көмек беру маңызды екенін айтады.

«Жастарды шабыттандырыңыздар, жастарды оқытыңыздар. Кез келген істі өз қолыңызбен бастап көріңіз, ол іс сізге де, сіздің еліңізге де пайдалы болсын. Бізде өте бай адамдар бар, бірақ, бізде өте кедей адамдар да көп. Алайда, біздің орта тобымыз қайда? Сауда, шағын бизнес – дәл осы сала орта топтың миллиондаған өкілдерін шығара алады. Егер орта топ мықты болса, онда мемлекет те мықты әрі тұрақты болады. Қазақстанда мүмкіндік көп. Сіздерде ірі компаниялар бар, шағын компаниялар да бар, оларды трансформациялауға болады. Болашақ – шағын компанияларда. Нарықта ірі компаниялар болмайды, тек жақсы компаниялар қалады. Шағын компаниялар дегеніміз, мықты әрі тұрақты компаниялар. Ондай жағдайда ел экономикасы мықты болады. Мен соған сенемін», - дейді Джек Ма.

"Біреуге жүгінбей, өздеріңіз бір дүние жасап көріңіздер, ол сіздердің мемлекет үшін пайдалы. Мынау әлем - проблема. Бізде өте бай адамдар бар. Бірақ, кедей адамдардың саны өте көп. Сонда біздің орта тап қайда? Сауда, шағын кәсіпкерлік - бұл осы орта таптағы миллиондаған адамның қолынан келетін іс. Егер орта тап мықты болса, мемлекеттің экономикасы, әлеуметтік секторы мықты болады. Қазақстанның бұл тұрғыда мүмкіндігі зор. Сіздерде ірі және ұсақ компаниялар бар. Оларды біріктіруге болады. Шағын компанияларда болашақ бар. Нарықта ертең ірі компания болмайды, тек мықтылары ғана қалады. Шағын дегеніңіз - сол мықты және тұрақты дегенді білдіреді", - деп атап өтті Alibaba Group компаниясының төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1141003-aygili-qytaylyq-kasipker-qazaqstan-kh/