ОҚО әкімі шегірткемен күресе алмаған шенеунікті қызметінен қуды
Опубликовано:
ОҚО әкімі шегірткеден көз ашпаған аудан әкімі орынбасарын жұмыстан қуды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы Бейбіт Атамқұлов Сарыағашта шегірткенің қаптап кетуі салдарынан аудан әкімі орынбасары жұмыстан қуды. Бүгін Шымкентте Атамқұловтың төрағалығымен шегірткеге қарсы күрес шаралары жөнінде аудан, қала әкімдерімен шұғыл селекторлық жиын өтті. Бұл шұғыл жиынға оңтүстікте зиянкес жәндіктердің көптеп пайда болу себеп болған.
Жиында бұл салаға жауапты қызметкерлерінің баяндамасын тыңдаған өңір басшысы шегірткенің жаппай таралып кету қауіпі бар екенін айтып, ескерту жасады. Өз сөзінде шегірткеге қарсы күресу жүйесі облыстық деңгейде толық қалыптаспағанын, соның салдарынан егістік алқаптарына қауіп төніп тұрғанын айтып, дабыл қақты.
Күнгейлік шаруаларды саяқ шегірткелердің көбеюі алаңдатып отырғанын айтқан Атамқұлов дер кезінде жұмысты жүйелеп, тиісті шаралар қабылдамаған Сарыағаш ауданы әкімінің тиісті орынбасары мен бөлім басшысын жұмыстан босатылуын ұсынды. Ал Арыс қаласы мен Шардара ауданының әкімдеріне мәселені бір апта көлемінде шешпеген жағдайда тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.
Жауаптыларға бұл проблеманы шешуге небәрі бір ғана апта берген әкім күн сайын атқарылған жұмыстарды өзі бақылайтынын назарға салды.
Облыс әкімі барлық аудан, қала әкімдері өз деңгейінде шұғыл шараларды қабылдап, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды және орын алып отырған жағдайды түзетуге бір апта уақыт беретінін айты.
Сондай-ақ, атқарылған жұмыстар бойынша күнделікті баяндап, апта сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1141029-oqo-akimi-shegirtkemen-kurese-almaghan/