Қазақстанның жүк көліктері Өзбекстанға өте алмай шекарада қаңтарылып тұр
Опубликовано:
Қазақстанның «Қазығұрт» шекара бекетінен жүк көліктерін өткізу уақытша тоқтап тұр. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті өткізу пунктерінің қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы Тимур Мырзағалықов хабарлады.
Тимур Мырзағалықовтың айтуынша, 21 мамыр күні Қазақстанның «Қазығұрт» шекара бекетінен Өзбекстанның «Наджимов» шекара бекетіне жүк көліктерін өткізу тоқтатылған. «Өзбекстан жағынан шекара бекетінде не болып жатқаны жөнінде ресми хат жоқ. Бірақ біз Өзбекстанның «Наджимов» шекара бекетіндегі жолға жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын көріп отырмыз» дейді ол.
"Бұл шекара бекетінен жеке адамдар мен жеңіл көліктер еш кедергісіз өтіп жатыр. Жүк көліктерін «Қазығұрт» шекара бекетінен «Бауыржан Қонысбаев» шекара бекетіне жібердік. Алғашқы күндері аздап мәселе болды. Қазақстан жағы да, Өзбекстан жағы да тексеру жұмыстарын тездеткендіктен, қазір жағдай қалыпқа түсе бастады", - дейді бөлім басшысы.
Тағы оқыңыз:
Француз зерттеушілері Қазақстанның құпия ен даласына қызығушылық танытты
Петропавлда жолаушыларына есірткі сатқан жүргізуші ұсталды
Алматыдағы McDonalds қандай болмақ? (фото)
Қазақстандық оқушылар қауіпті ойын ойлап тапты
Қазақстандық қалталы келіншек әр маусымда киіміне 70 мың доллар жұмсайды (фото)
Назарбаев замандастарына "Интернет балаларына" кедергі келтірмеуге кеңес берді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1141737-qazaqstannynh-zhuk-kolikteri-ozbeksta/