Қазақстан парламенті бэби-бокстар орнату мәселесін қарастырмақ

Опубликовано:

Қазақстан парламенті бэби-бокстар орнату мәселесін қарастыратын болады. Бұл туралы "Астана" арнасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Депутат Айқын Қоңыров қоқысқа немесе әжетханаға нәрестелерін тастайтын көкек аналардың көбейіп кеткенін сөз етті. Мәжілісмен жас аналардың қаржылық жағдайға тап болғанда немесе туған-туыстардың сөзіне қалудан қорқып нәрестелерін тастайтынын алға тартты. Ал заңгерлер көкек аналарға жазаны қатайтқаннан еш нәтиже болмайды деп санайды.

"Жаза мерзімін ұзарту еш нәтиже бермейді. Адамдар өз балаларын таппастай етіп, тығып кете береді. Мәселе ушығып барады, сондықтан оны талқыға алған жөн", - дейді Қоңыров.

Оның айтуынша, бұл мәселенің ең қарапайым шешімі - бэби-бокстар.

"Мен бұл мәселе көтеріліп, оны депутаттар қарастырады деп ойлаймын", - дейді депутат.

Өскемендік дәрігерлер де бейкүнә сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін, перзентханалар мен балалар үйлеріне бэби-бокстар орнату керек деп санайды деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Халықаралық тәжірибеде бұл бэби-бокстар шақалақтың аман қалуына үміт сыйлайды. Ал сәбиінен жеріген аналар үшін ол аноним қалуға кепілдік береді.

"Тірі баланы тастап кету деген сұмдық жағдай. Өкініштісі, соңғы уақытта мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Біз көрші Ресейдегі секілді елімізде бэби-бокстар қоюды ұсынамыз. Неге балалар туған анасының қолынан өлуі тиіс? Ана сәбилерді көрді, құтқарып алды. Ал көрмеген, білмеген жағдайлар қаншама, кім білсін?", - дейді Өскемендегі мамандандырылған сәбилер үйінің бас дәрігері Гүлнәр Даниярова.

Тағы да оқыңыз:

Үш тілді білім жайлы қазақстандық бизнесмендердің мәлімдемесі сынның астында қалды

Асқар Мырзахметов: Қазақстан мен Қытай арасында жерді жалға беру туралы келісімге қол қойылған жоқ

Мырзатай Жолдасбеков заңсыз митингке қатысты кейбір адамдардың түрмеде отырғанынан хабарсыз болып шықты

Қарағандыда 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін ер адамдардан ақша бопсаланды

Мамырдың аяғында елімізді жаздың жайдары, ыстық күндері күтіп тұр

Ақтөбе мен Оралда бас көтерген маса балаларды естен тандырып жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1143050-qazaqstan-parlamenti-bebi-bokstar/