Қарағандылық көпбалалы ана тастанды сәбилердің барлығын асырап алмақ

Опубликовано:

Жаңа туған сәбиді өлтіріп, оны әжетханаға тастап кеткен оқиғаға адамдар бей-жай қарамаған-ды. Қарағандылық көпбалалы бизнес леди тастанды балалардың барлығын асырап алып, аналары райынан қайтса, оларды қайтарып беруге келісіп отыр.

Бұл туралы  31 арнаға сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

Әлия Садырбаева – қоғам белсендісі, блогшы әрі жеке кәсіптің иегері. Ең бастысы, ол алты баланың анасы. Кенжесі әлі бір жасқа да толып үлгермеген. Бір қарағанда өз балалары тұрған кезде, өзгенің баласын қалай ойласын деген ой келеді.

“Жаңа туған сәбидің еш жазығы жоқ. Ол анасының ақшасы жоқ екенін, жұрттың алдында ұятты екенін түсінбейді ғой. Менің ең басты мақсатым – отбасы, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу. Ананың баласынан бас тартпауына жағдай жасау. Олардың жаңа туған сәбиді өлтіруге асықпағанын қалаймын. Егер олар белгілі бір себептермен сәбилерінен бас тартса, мен сол балаларды асырап алуға келісемін”, – дейді көпбалалы ана Әлия Садырбаева.

Соңғы кезде жиі айтылып жүрген тастанды сәбилерге қатысты оқиғалар кез-келген адамды бей-жай қалдырмайды. Құдды оларды айтқан сайын қылмысқа бел буатындардың саны көбейе беретіндей. Осыған орай, Әлия қандай жағдай болмасын балалар өлмесе екен дейді. Тіпті, кейін тастанды балаларды райынан қайтқан аналарға қайтарып беруге дайын екенін жеткізіп отыр.

Дәл қазір Әлия Садырбаева мақсаттастарымен бірге отбасылық балалар үйін ашуды қолға алып жатыр. Мұнымен қатар, ол республикамызда әйелдерге әрдайым көмек қолын созуға дайын кризистік орталықтардың жұмыс істеп жатқанын айтады.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстаннан түпкілікті көшіп кеткендер елден кетуінің себебін атады

Шымкенттегі зообаққа кіру құны 21 теңге болуынан жұмысшылардың жалақысы қысқаруы мүмкін

Мырзатай Жолдасбеков жер дауына қатысты белсенділердің қамалғанынан бейхабар болып шықты

Үштілді білім жүйесін қолдаған қазақстандық бизнесмендер сынның астында қалды

Қазақстан парламенті бэби-бокстар орнату мәселесін қарастырмақ

Бейбіт Атамқұлов Саттархановтың жұмыссыз жүрген бапкеріне жұмыс тауып беретін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1143280-qaraghandylyq-kopbalaly-ana-tastandy/