Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат: Қысқа шалбар мен сақал – экстремизмнiң белгiсi емес

Опубликовано:

Қысқа шалбар, мұрт пен сақал – бұл әлi экстремизмнiң белгiсi емес. Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесi және құқық қорғау органдары комитетiнiң төрағасы Серiк Ақылбай осындай пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қысқа шалбар, мұрт пен сақал – бұл әлi экстремизмнiң белгiсi емес. Құқық қорғау органдары бiрiншi кезекте заң аясында жұмыс iстейдi. Заң бұзылып, қылмыстың белгiсi байқалғанда ғана құқық қорғау органдары қырағылық танытды. Философияда forum internum және forum externum деген ұғымдар бар. Internum – бұл бiздiң iшкi дүниемiз, сенiм – шектеуге қиын абсолюттi құқық. Ал externum – бұл internum-ның, яғни, iштегi дүниенiң сыртқа шығуы. Бұл, мәселен, дұға, намаз оқу, егер оның экстремистiк наным-сенiмi болса – оның әрекетi, үгiт-насихаты, топ құруы, бағынбауға шақыруы секiлдi белгiлер көрiне бастайды», - дедi депутат тiлшiлердiң сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бұндай әрекеттер сыртқа шықпай қоймайды. Өйткенi, қоғам және құқық қорғау органдары осы бағытта жұмыс істеп жатыр.

Тағы оқыңыз:

Роза Рымбаеваның аттасы ұялы телефон ұрлап, істі болды

Алматы тұрғыны "күштеп қазақ тілін үйретуге" мойынсұнғысы келмегендіктен елден көшіп кетті

МС Сайлаубекке жасалған шабуылға қатысты полицейлер түсініктеме берді

Литва елшісі атасының тірі қалуына көмектескен қазақтарға алғысын айтты

Қарағандылық көпбалалы ана тастанды сәбилердің барлығын асырап алмақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1143525-deputat-qysqa-shalbar-men-saqal-ekst/