Ақтөбелік әйелдер шетелдіктерге де жатырын жалға беріп жатыр

Опубликовано:

Ақтөбелік әйелдер шетелдіктерге де жатырын жалға беріп жатыр. Өзгеге бала сыйлағаны үшін әйелдер 1,5-2,5 млн теңге алады. Бұл туралы timeskz.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ақтөбеде бес суррогат ана тұрады. Олардың үшеуі нәрестесін босанып, Алматы, Ақтөбе және Орал тұрғындарына табыстаған. Ал төртінші суррогат ананың аяғы ауыр. Бесіншісі болса, енді ғана эмбирон салдыруға бел буған.

Маусым айында келіншекке эмбрионды Ақтөбенің ВРТ-технологиясы клиникасында салатын болады. Нәрестеге тапсырыс беріп отырғандар – Мәртүк ауданындағы ерлі-зайыптылар.

Тағы бір тапсырыс беруші - Канададағы Торонто қаласының тумалары. Шетелдік ерлі-зайыптылар нәрестені құшағына басатын сәтті тағатсыз күтіп отыр. Жүкті әйел тамыз айында босанып, нәрестені шетелдік жұпқа табыстауы тиіс.

Айта кетерлігі, Канадада суррогат анадан нәрестелі болу әлдеқайда қымбат.

"Ақтөбелік суррогат аналар өз қызметі үшін 1,5-2,5 млн теңге сұрайды. Тағы шамамен 1,4 млн теңге экстракорпоральды ұрықтандыру жасату үшін Ақтөбенің ВРТ-технологиясы клиникасына төленеді. Суррогат аналарға мемлекеттік тапсырыс беру қызметі елімізде жоқ", - дейді ВРТ-технологисы клиникасының директоры Людмила Покотило.

Оның айтуынша, тіпті жатыры алынып тасталған әйел де ана атана алады. Тек оның орнына әйелдің жасушаларын өзіне салдырған суррогат ана баланы көтеретін болады.

"Көбі қаражат қиындықтарын шешу үшін суррогат ана болады. Жақында олардың бірі 2,5 млн теңге алып, несиесін жапты", - дейді Людмила.

Үшінші суррогат ана 2016 жылдың ақпанында тапсырыс берушілерге егіз босанған.

Тағы оқыңыз:

Маусым айында суықтықтың үш толқыны күтіледі

Қарағандылық зейнеткер «Беларусь не Ресейдегідей» өмір сүргісі келеді

Шымкентте 37 жастағы педофил екі кішкентай қыз баланы зорламақ болды

Оралда ер адам қайырымды жандардың арқасында науқас қызын құтқарып қалды

Өскеменде қомақты қаржымен жоғалған студент Қарағанды облысынан табылды

Алматыда «Инфинитидің» жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей, қасарысып отырып алды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1146082-aqtobelik-ayelder-sheteldikterge-de-zh/