Бүгін Қазақстанның бес өңірінде күн суытады

Опубликовано:

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында күн -3 градусқа дейін суытады.

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

2 маусымда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшеюі күтіледі. Тек республиканың солтүстік және орталығында ауа-райы жауын-шашынсыз болады, деп болжайды Қазгидромет.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с-ге күшейеді, тұман болады.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Тағы оқыңыз:

Мұхтар Тайжан: Қытай зорлықпен жерімізді басып алмайды

Депутаттар екінші деңгейлі банктердің мүддесін қорғаған Ақышевті сынға алды

21 жастағы ақтөбелік бойжеткен Елизавета ханшайымның тойына қатысады (фото)

Елімізде қобалжып жүрген оқушылар тестілеуге дұға оқып, бойтұмар тағып бармақшы

Министрлік: Тұрғындарды жер реформасынан гөрі, 10 сотық жер қызықтырып отыр

Суицидтен қорыққан депутаттар балалардың интернетке кіруіне тыйым салмақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1146730-bugin-qazaqstannynh-bes-onhirinde-kun-s/