Алматының "Алғабасындағы" үй 32 сантиметрге қисайған (фото, видео)

Опубликовано:

Алматының "Алғабас" ықшамауданында тұрғын үй 32 сантиметрге қисайғандықтан, тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылды. Оған жауапты «Астана құрылыс» түсініктеме беруден бас тартты деп хабарлайды NUR.KZ.

Құрылысқа жауапты компания NUR.KZ порталының тілшісіне бұл жайтқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Сол арада әкімдіктің ресми сайтында "Алғабастағы" 1/136 үй батыс бағытқа қарай қисайғаны айтылған.

Үйде 72 пәтер бар. Үйдің бас мердігері - "НСК Астана Құрылыс" компаниясы. Үй "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша кезекте тұрған азаматтарға берілген.

Үйдің жағдайын бағалау үшін арнайы комиссия құрылды. Ал тұрғындар болса, бұл жайттың видеосын желіге жүктеп жатыр. Таисия Захарова есімді куәгер үй маңында болып жатқан у-шуды видеоға түсіріп алды.

Оның айтуынша, бірнеше сағаттың ішінде үй тіптен қисая түскен. Тұрғындар үйдің жағдайына жертөлеге аққан жаңбыр суы себепкер деп санайды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда көпқабатты үйдің тұрғындары жедел түрде қауіпсіз жерге шығарылғанын хабарлаған болатынбыз.

Тағы оқыңыз:

ҰБТ-ның алғашқы күні: көз жасы, «шпорлар» және үздіксіз қоңырау шалулар

Ақтөбеде полиция NUR.KZ-тегі мақаладан соң екі қызды сабаған жігіттерді қамауға алды

Астанадағы тегін концертке ағылған адам легінен 15 тұрғын жапа шекті (фото, видео)

Қазақстандық депутаттардың көліктері қандай?

ҰБТ-ның алғашқы күні-ақ желіде биылғы емтихан сұрақтары жарияланып жатыр

Атырауда "билікті басып алмақ" болған ақсақалдар сотқа дейін түрмеден босатылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1147725-almatynynh-alghabasyndaghy-uy-32-santimet/