Ашынасына тапсырыс берген әкімнің әйелі күйеуінің көңілдесі барын білмеген

Опубликовано:

БҚО-да ашынасын өлтіруге тапсырыс берген бұрынғы Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиевтің әйелі күйеуінің көңілдесі барын білмеген. Бұл туралы "Мой Городқа" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, зардап шегуші әйел Кристина Сәлемгериева (бұрынғы әкім Жеңіс Серікқалиевтің көңілдесі) аудандық әкімдікте жұмыс істеген. Ол сол жерде Серікқалиевпен танысқан, алайда өзі Федоровкадан 20 шақырым шалғайда Богдановка ауылында тұратын.

"Ауылда ешкім бұрынғы әкім мен бұл бойжеткеннің көңілдес болғанын білмеді. Бұл жаңалық бәрін есеңгіретті. Әсіресе, Серікқалиевтің заңды әйелін. Ол күйеуінің көзіне шөп салғанын біле салысымен, қыздарын ертіп, кетіп қалған", - дейді Федоровканың Лидия есімді тұрғыны.

Ал сол арада Кристинаның өзі қандай да бір түсініктеме беруден бас тартқан.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысында ашынасын өлтіруге тапсырыс берген бұрынғы аудан әкімі қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.

Айыптаушылардың айтуынша, жәбірленуші келіншек әкімнен 2 жасар қызының заңды әкесі екенін мойындауын талап еткен. Тіпті атқамінерге қысым көрсетіп, қызметіне нұқсан келтіремін деп қорқытқан көрінеді.

Сондықтан шенеунік ақпан айының соңында жүргізушісін қасына алып, келіншекті пышақтаған. Алған жарақаттардан Кристина Сәлімгереева 2 күн жансақтау бөлімінде жатқан.

Тағы оқыңыз:

Маңғыстауда үлкендігі тауық жұмыртқасындай ірі бұршақ жауды (фото, видео)

Иманғали Тасмағанбетов қайда жүр?

Қытайлар СҚО-да жаңа зауыттың құрылысын бастады

Алматының оқушылары ҰБТ-ның бірінші күні-ақ рекорд орнатты

АҚШ-та мұғалім қыз 13-тегі оқушыдан жүкті болып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1148183-ashynasyna-tapsyrys-bergen-akimninh-ay/