Қазақстандық блогер "кеңестік" форма киген түлектерді педофилдің арманы деп атады (фото)

Опубликовано:

Блогер Аида Джексен "кеңестік үлгідегі" форма киюге әуес заманауи түлектерді сынға алды. Ол өз Facebook парақшасында мұндай қыздар педофилдің көзіне бірден түсетінін алға тартты.

Блогер сөзінің дәлелі ретінде бірнеше фото жүктеген.

"КСРО-ның жойылғанына ширек ғасыр болса да, кеңестік форманы киетін түлектердің саны толастар емес. Бұл не сандырақ? Бұл банттар, гольфилер мен кішкентай оқушыларға арналған қысқа көйлектер кеуделері үлкен бойжеткенге қалай жарасымды болмақ? Қыз бала емес, педофилдің арманы десек те болады (...) Біз бала кезімізде бантикті тек үшінші сыныпқа дейін тағатынбыз. Ал ересек қыздарға бантик таққан мүлдем жараспайды", - дейді Джексен.

Блогер кеңестік кезеңнін сарқынынан құтылатын кез келді деп санайды.

"Кейбірі сол кеңестік форманы кию үшін арнайы тіктіріп жатады. Не үшін? Бұл ақымақтықтың не қажеті бар? Біз неге әлі күнге дейін кеңестік кезеңнін сарқынан құтыла алмай жүрміз?", - дейді блогер.

Бойжеткен тәуелсіз Қазақстанның КСРО немесе Ресей еместігін естен шығармауға кеңес берді.

Көбі Джексеннің сөзіне келісіп, мұндай форма ерлердің нәпсісін қоздыратынын сөз еткен.

Осы орайда NUR.KZ порталы кеңестік форма киген түлектердің фотосын назарларыңызға ұсынады. Сіздің ойыңызша, оларға бұл форма қаншалықты жарасымды?

Тағы оқыңыз:

Маңғыстауда үлкендігі тауық жұмыртқасындай ірі бұршақ жауды (фото, видео)

Иманғали Тасмағанбетов қайда жүр?

Қытайлар СҚО-да жаңа зауыттың құрылысын бастады

Алматының оқушылары ҰБТ-ның бірінші күні-ақ рекорд орнатты

АҚШ-та мұғалім қыз 13-тегі оқушыдан жүкті болып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1148264-qazaqstandyq-bloger-kenhestik-forma-k/