Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мен Астананың қару-жарақ дүкендерінде қару сату тоқтатылды

Опубликовано:

Алматы мен Астананың қару-жарақ дүкендерінде қару сату тоқтатылды, деп хабарлады ҚазТАГ.

Алматыда «Алпамыс», «Мечта охотника», «Мерген» дүкендерінде қару жарақ сатылуы тоқтатылды. Сатушылар басшыларының кеңеске кеткендігін айтуда. Бірқатар осындай дүкендерде телефон жауап бермейді, автожауап беруші қосылған.

Астанада «Камал-центр», «Камал Тау», «Арсенал» дүкендері жабық, ал «Қамал Тау» дүкенінің маңында «Күзет» күзетінің машинасы кезекте тұр.

«Олимпик-Астана» дүкенінің ашылуын күтіп тұрған тұрғындар қаладағы барлық қару-жарақ дүкендерінің жабықтығын айтуда.

Сонымен қатар Ақтаудағы да қару-жарақ дүкені жабық, олардың маңында полицейдің патрулі жүр. Маңғыстау облыстық ІІД-нің барлық құрамы күшейтілген күзетке көшірілді.

Еске сала кетейік, кеше Ақтөбе орталығында қаруланған топ әскери бөлім менқару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасады.

Осыдан соң, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды өте сақ болуға шақырып, антитеррорлық операциялардың жалғасып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстанның Ішкі істер министрлігі  Ақтөбеде болған оқиғаға радикалды діни бағыттағы топтардың қатысы бар екенін растады.

Бүгін Iшкi iстер министрi Ақтөбедегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, атыс кезінде 21 адам қаза болды, 6-7 адамға іздеуде салынғанын хабарлады.

Сонымен қатар өңірдегі жағдай тұрақты, қоғамдық көлік қалыппен жұмыс істеп тұрғаны айтылуда.

Тағы оқыңыз:

Iшкi iстер министрi Ақтөбедегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Ақтөбедегi жағдайды Назарбаев бақылауына алды

Ақтөбедегi теракт: Қаладағы атыстан 38 адам зардап шеккен

Сағадиев Ақтөбедегі тестiлеу барысын өзі барып бақылайтын болды

Сапарбаев: Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көмек көрсетіледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1151427-almaty-men-astananynh-qaru-zharaq-duken/