Ақтөбедегі шабуылды "Қазақстанды азат ету армиясы" мойнына алды

Опубликовано:

Ақтөбеде 5 маусымда жасалған шабуылдарды "Қазақстанды азат ету армиясы" деп аталатын топ мойнына алды деп хабарлады Азаттықтың Орыс редакциясы.

Ақтөбеде 5 маусымда бір топ қарулы адам екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасап, полициямен және әскерилермен атысқан. Ішкі істер министрлігі шабуылды "діни радикалдар тобы" жасағанын мәлімдеген. Министрлік мәліметінше, атыс пен арнайы операциялар барысында барлығы 21 адам, оның ішінде 12 "қылмыскер" қаза тапқан.

Бүгін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 5 маусымда Ақөбедегі атыстардан 38 адам жараланғанын мәлімдеген.

Оралдан Азаттық тілшісінің хабалауынша, бүгін Ақтөбеге көршілес Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының ұялы телефондарына облыста террорлық қауіп-қатердің "қалыпты сары деңгейі" енгізілгені туралы СМС хабарлама түсе бастаған.

Ақтөбедегі ірі лаңкстік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар

Тағы оқыңыз:

Ақтөбедегі атыс кезінде 21 адам қаза болып, 38 адам жарақат алды

Iшкi iстер министрi Ақтөбедегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Ақтөбедегi жағдайды Назарбаев бақылауына алды

Сағадиев Ақтөбедегі тестiлеу барысын өзі барып бақылайтын болды

Ақтөбедегі ірі лаңкестік: сарапшылар шабуылдарға қандай баға береді?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1151565-aqtobedegi-shabuyldy-qazaqstandy-aza/