ІІМ: Ақтөбеде теракт ұйымдастырушылардың бостандықта жүргеніне қарамастан, түн тыныш өтті
Опубликовано:
ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Садубаев іздеу жарияланған терактіні ұйымдастырушылардың әлі де бостандықта жүргеніне қарамастан, Ақтөбеде өткен түн тыныш өтіп, оқыс оқиға болған жоқ деп мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Өткен түн тыныш өтті, Ақтөбеде және жалпы елімізде жағдай тұрақты және бақылауға алынды. Қалада лаңкестікке қарсы тәртіп әлі де күшейтілген», – деді Алмас Садубаев.
Еске сала кетейік 5 маусымда Ақтөбе орталығында қаруланған топ әскери бөлім мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасады. Қалада бірнеше нысанға шабуыл жасағандардан 13 адам өлтірілді, төртеуі жарақаттанды, тағы жетеуі іздестірілуде. Сонымен қатар 3 полицей, 3 әскери және 3 бейбiт адам мерт болғанын айта кетейік.
Ақтөбедегі ірі лаңкстік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар
Тағы оқыңыз:
Олжас Құдайбергенов Ақтөбедегі теракт туралы: Экстремистердің діннен хабары жоқ
Елге бір тиын салық төлемеген шоу бизнес өкілдері салық төлеуден әлі жалтарып жүр
Павлодарда журналиске дәл үйінің алдында шабуыл жасалды (фото)
ІІМ: Ақтөбеде лаңкестік жасағандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін
Ақтөбеде қанды оқиғаға қатысы бар күдіктілерге іздеу жарияланды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1152121-iim-aqtobede-terakt-uyymdastyrushyla/