Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі дүниеге келді (фото)

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір шөбересі дүниеге келді. Елбасының немересі Айсұлтан Назарбаев әке атанды.

Бұл туралы  Facebook-тегі парақшасында Айсұлтан Назарбаев хабарлады деп жазады NUR.KZ.

"Достар, мен өмірімдегі ең бақытты күнді сіздермен бөліскім келіп тұр. Кеше түнде менің жарым маған айдай сұлу қыз сыйлады. Бірінші сәбиіңді күту әлемдегі ешнәрсемен де тең келмейді. Жаратушының берген бұл керемет сыйына мен шексіз қуаныштымын. Белгілі себептерге байланысты бұл туралы ертерек айтқым келмеді. Кез-келген қарапайым адам секілді, маған да отбасы ең маңызды нәрсе болып  қала береді. Аллахқа шүкір, бұл сәт те жетті. Өмірге қызым келді", - деп жазады Айсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, Айсұлтан Назарбаев пен Әлима Боранбаева 2013 жылдың 31 тамызында үйленген болатын. Президенттің немересі "ҚазРосГаз" АҚ мен "Қайрат" клубының қожайыны Қайрат Боранбаевтың қызы Әлимамен шаңырақ көтерді.

Айсұлтан Назарбаевтың жары Әлима "Астана" Ұлттық галереясында қызмет етеді. Мамандығы - өнертанушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1154913-nursltan-nazarbaevtynh-shoberesi-duni/