Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсұлтан Назарбаев жарымен және жаңа туған қызымен қазір шетелде жүр

Опубликовано:

Айсұлтан Назарбаев жарымен және қызымен бірге шетелде жүр. Бұл туралы Айсұлтанның қайын атасы Қайрат Боранбаев Алматыда McDonald’s" жедел тағамтану желісінің ашылуында журналистердің сұрағына жауап бергенде хабарлады.

Айсұлтан Назарбаевтың қайын атасы әрі бизнесмен Қайрат Боранбаев немересінің туылғанымен құттықтаған көпшілікке алғысын білдіріп, Айсұлтанның жарымен және жақында дүниеге келген қызымен бірге шетелде жүргенін мәлімдеді.

"Рақмет, жеке өмірі болғандықтан, нәрестенің есімін айта алмаймын. Құттықтауларыңыз бен көңілдеріңізге алғыс білдіремін. Қыз баланың жағдайы жақсы. Балалар қызға есімді өздері берді... Олар бүгінде Қазақстанда емес", - деді Боранбаев McDonald’s желісінің ашылу салтанатында.

Еске салсақ, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі дүниеге келгені хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде іздеуде жүрген лаңкестердің бірі қарт әжейді зорлаған

Қазақстанда салафизмге тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр

Ақтөбеде шабуыл жасағандар мешітке көптен бері бармаған

Отандық БАҚ Тасмағамбетовты "жоғалтып алды"

Қарағандыда 13 жастағы қыз бала өзінің немере ағасынан жүкті болып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1156581-aysultan-nazarbaev-zharymen-zhane-zhanha/