Дәрігер Баян Есентаеваның қазіргі жағдайын айтып берді

Опубликовано:

Көптеген жарақаттармен 10 маусым күні ауруханаға жеткізілген қазақстандық продюсер Баян Есентаеваның қазіргі жағдайы туралы Талғар аудандық ауруханасының директор орынбасары Ербол Сәрсенбаев айтып берді.

Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен продюсер әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың қазіргі жағдайын консилиум дәрігер бақылап отыр.

"Мен қазір ауруханадамын. Барлық дәрігерлер жиналды, оны қарап жатыр. Оң динамика бар. Ол есін біледі, ақырын сөйлейді. Баян әлі жансақтау бөлімінде жатыр, оған кіруге тыйым салынған. Барлығы науқастың жағдайына байланысты. Қай уақытта ауруханадан шығатынын әзірге нақты айту қиын", - дейді Ербол Сәрсенбаев.

Естеріңізге салып өтсек, 10 маусым күні соққыға жығылған танымал продюсер Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген. Болжам бойынша, Баян Есентаеваны күйеуі кеуде тұсынан пышақтаған. Оқиға куәгерлері дереу жедел-жәрдем шақырып, қансыраған танымал тележүргізушіге алғашқы көмек көрсетіліп, кейін оған жедел түрде ота жасалған.

Алматы облысының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес күдікті ретінде оның жары Бақытбек Есентаевты ұстады.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде өлтірілген лаңкестер құпия түрде жерленетін болды

Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі діни ұйымдарды қатаң бақылауға алуды тапсырды

Ақтөбеде мұсылмандарды сақалын алып тастауға шақырды

Ақтөбеде іздеуде жүрген ең соңғы террорист ұсталды

ҰҚК Ақтөбе халқының қауіпсіздігі қатаң бақылауда екенін мәлімдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1157787-dariger-bayan-esentaevanynh-qazirgi-zha/