Дін істері комитеті Ақтөбедегі бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау орынсыз деп атады
Опубликовано:
Бұл туралы ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Мұхан Исахан Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс отырысында атап өтті.
Белгілі дінтанушы ғалым Мұхан Исахан имамдар жат ағыммен ағартушылық бағытта талмайжұмыс жасап келе жатқанын жеткізді деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі NUR.KZ порталына.
«Ақтөбедегі жағдай барлығымыздың жанымызға батып отыр. Бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау – орынсыз. Қай тұрғыдан алып қарасақ та имамдар қорғансыз. Бұл бағыттағы жұмысқа Діни басқармамен қоса, ең бірінші, құқық қорғау органдары да жауапты. Дін қызметкерлі жат ағыммен ағартушылық бағытта үздіксіз жұмыс жасап келеді», – деп атап өтті Мұхан Исахан.
Басқосу барысында ғұламалар Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты үндеу қабылдап, елдегі діни ахуалдың жайы, дін мамандарының діни тұрақтылықты қамтамасыз ету жолы және қоғамның діни сауаттылығын көтеру жайы талқыланды.
Ғұламалар кеңесінің мүшесі Зәріпбай Оразбаев Ислам дініне кеңінен рұхсат берілген, мұсылмандардың емін-еркін құлшылық етіп, мешіт, медреселерде діни білім алуға мүмкіндік жасалған бейбіт заманда бүлік жасау үлкен күнә екенін атап өтті.
«Қазақ елінің тарихында, тіпті, ру аралық қарым-қатынаста діни алауыздық ешқашан болмаған. Ақтөбе қаласындағы лаңкестік – теріс ағым жетегінде жүргендердің әрекеті. Лаңкестік топтардың зұлымдығы «мемлекетке қарсы шығу» деп аталады. Бұл үлкен қателік пен діни сауатсыздық. Мемлекетке қарсы шығудың діни тұрғыдан өзіндік шарты бар. Егер мемлекетте Ислам дініне қатаң тиым салынса, мұсылмандардың құлшылық етуіне мүмкіндік берілмей күш көрсетіліп жатса, қарсы шығу әрекеті ақталынады. Ал, Ислам дініне кеңінен рұқсат берілген, мұсылмандардың емін-еркін құлшылық етіп, мыңдаған мешіттермен, ондаған медреселерде діни білім алуға, мұсылмандық бес парызды орындауға барынша жағдай жасалған елде бүлік жасау үлкен күнә. Лаңкестердің бұл әрекеті Әли ибн Әбу Талибтың заманындағы бүлікшілердің ісімен бірдей», – деді Ғұламалар кеңесінің мүшесі Зәріпбай Оразбаев.
Сонымен қатар, Зәріпбай Оразбаев жиын барысында бейбіт заманда жазықсыз азаматтардың жанын қию Ислам қағидаттары бойынша қатаң қараланып, азғындық деп саналатынан атап өтті.
Ақтөбедегі ірі лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар
Тағы да оқыңыздар:
ҰҚК: Ақтөбеде тағы 2 террорист қолға түсті (фото)
Баян Есентаеваның күйеуі туралы не білеміз? (видео)
Есентаеваның күйеуі үш тәулікке қамауға алынды
Ақтөбеде әскери бөлімшеге террористердің жасаған шабуылынан эксклюзивті кадрлар жария етілді (фото)
Баян Есентаеваны күйеуі көпшіліктің көзінше пышақтап кетті
Тоқтар Әубәкіров: Ешқашан ешкімнің алдында басымды иген емеспін
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1158218-din-isteri-komiteti-aqtobedegi-bulik/