Серік Аббас-шах Бекболат Тілеухановты "уахабист" деп айыптады

Опубликовано:

Танымал продюсер Серік Аббас-шах депутат, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухановты қазақ елінде уахабизмді насихаттап жүр деп Фейсбуктегі өз парқшасында айыптады.

“Ол әдемі сөйлейді. Ол көсем сөздің шебері. Ол ваxxабизмді “госидеология” жасаған Сауд жұртының танымын белсене насиxаттап, талай жыл бойы қазақ жұртының басын қатырып келеді. Алаш елінің сана-дәстүрінде қалыптасқан дін жолынан басқа жаққа бұрып, сан мыңдаған жасты әбден адастырды. Енді жылы орынға қайта жайғасып, түк болмағандай “мемлекет адамы” болып отыра қалды. Біресе олай, біресе былай сөйлейді. Адасқандардың миы әбден уланғаны сонша, енді бейбіт күнде қан төгілуде. Оларды адастыруға мол үлес қосқан қызыл тілді көсемсымақтар неге үнсіз қалды? Ұялып отыр ма, жоқ, әлде басын стол астында тығып, “сен тимесең, мен тимелеп” сақал сипалап жатыр ма?” – деген жазба қалдырған Серік Аббас-шаһ.

Ары қарай айтылған сөздерінің дәлелі ретінде келесі бейнежазба ұсынды. Фейсбук пайдаланушыларының кейбірі продюсердің сөзін қолдап жатса, басқалары өз бауырын аңдығаны үшін сынап жатыр.

Айта кетсек, Абас-шах мұнымен шектелмей, бірер күннен кейін ресейлік актер Константин Хабенский мен Бекболат Тілеуханды салыстырып, тағы бір жазба қалдырған.

Ақтөбедегі ірі лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар

Тағы оқыңыз:

Сенатор: Жазықсыз жандарды мерт қылған лаңкестерге ату жазасын қолдану керек

Дін істері комитеті Ақтөбедегі бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау орынсыз деп атады

Баян Есентаеваның күйеуі кісі өлтіруге оқталды деп айыпталуда

Ақтөбе тұрғыны өлтірілген лаңкестердің тізімінен өзін тауып алды (видео)

Танымал адамдар Баян Есентаеваға қолдау көрсетіп жатыр

Жер митингісіне қатысқан кейуана түрмеден қорықпайтыны айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1158594-serik-abbas-shakh-bekbolat-tileukhanovt/