Семейде Қонаев келіп-кеткелі бері жөнделмеген жол депутатты шошытты

Опубликовано:

Семей қаласы мәслихатының депутаты жақын маңда орналасқан село-ауылдарға апаратын жолдарға назар аудару қажеттігін мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Шаған тас жолы бойындағы жол учаскесі туралы тоғыз жылдан бері айтып келемін. Ұзындығы біржарым шақырымдық шағын учаске Мұқыр ауылына апарады. Мұнда Дінмұхамед Қонаев келген уақытта асфальт төселген. Содан бері бұл жол бірде-бір рет жөндеу көрген жоқ. Ең алдымен қала жолдарына көңіл бөлу керегін түсінемін, бірақ ауыл тұрғындарына да назар аударатын уақыт жеткен секілді. Мен тым құрыса ой-шұңқырларын тегістеу жұмыстарын жүргізу үшін аталған жолды жоспарға енгізу мүмкіндіктерін қарастыруды сұраймын», – деп мәлімдеді Семей қаласы мәслихатының депутаты Нұрғазы Қайырбеков.

Депутаттың айтуынша, аталған ауылдық округте тұрып жатқан халық бұл жолмен көп жүреді. Бірақ оны жол деуге келмейді.

«Мәселе сол, аталған жол ұзақ уақыт бойы «Қаражыра»ЖШС балансында болды. Біздің мемлекет қаражатын жөндеуге жұмсауға құқымыз болған жоқ. Ал жолдың мәртебесі өзгерген соң, оны елді мекендерге апаратын жолдарды жөндеу жоспарына қостық. Биыл жолға жөндеу жүргізіледі», – деп түсіндірді Семей қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісінің міндетін атқарушы Нұрлан Серғазинов.

Тағы оқыңыз:

"Қазақстан" қонақ үйіндегі балкон опырылып қалды (фото, видео)

Сәбит Әбдіхалықов инфаркт алып ауруханада жатыр

20 жастағы қазақ жігіті Лондонда өз бизнесін ашты

Премьер-министрдiң орынбасары тағайындалды

Арбаға танылған алматылық бес уақыт намазын қаза қылмай, қызметі мен отбасын қатар алып жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1160236-semeyde-qonaev-kelip-ketkeli-beri-zhon/