Ел жастарын Сириядағы жиһадқа шақырған үндеулер ғаламтордан әлі алынбаған
Опубликовано:
Дін өкілдері әлеуметтік желідегі жиһадқа шақырған үндеулердің әлі алынбай тұрғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Адасқан ағымға шақырып, соған үндеу айтқандар ел аумағында емін-еркін жүрген.
«Абдухалил мен Дінмұраттың шыққан жері - Қазақстан. Соларды осы оқиғадан кейін Қазақстан азаматтығынан айыруды ұсыныс ретінде көтеріп жатырмыз. Олар тек батыс өңірде ғана емес, Астана, Шымкент, Алматы, мегаполис болып саналатын ірі қалаларды аралап, өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізді. Олар әлеуметтік желіге әр жерде болған уағызын видеоға түсіріп, таратып отырған. Видео роликтерден біз олардың Қазақстанда емін-еркін жүргенін аңғарамыз»,- дейді «Аңсар» ақпараттық талдамалық орталығы басшысының орынбасары Асланбек Тыныштықов.
Теолог әлеуметтік желіге жүктелген жиһадқа, Сирияға шақырған үндеулерді қазақстандықтардың қарап отырғанын айтты.
«Абу Мухаммад аль-Абданидың жиһадқа шақырған үндеуі YouTube желісінен әлі күнге дейін алынбай тұр. Оның жиһатқа шақырып, Сирияда болып жатқан қанды қылмысқа насихаттаған үндеуі желіде бар. Жастардың көпшілігі сол топтарда мүше болып тіркеліп, ақпаратпен алмасады. Соның барлығы прокуратура тарапынан сотқа жолданып, осылардың жабылуына үкім шығару керек», - дейді теолог.
Ол Ақтөбедегі жағдайға байланысты түсіндіру, бақылау жұмыстарының әлі де жалғасатынын айтады.
«Ақтөбедегі басқа ағымда жүргендермен бұрын қалай жұмыс жасалынған болса, қазір де сол түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ал олар шынымен адасқан не кешегі қанды қылмысқа қатысқандардың жақтастары екені анықталса, олармен құзыретті орын мүшелері жұмыс жасайтын болады», - дейді теолог Асланбек Тыныштықов.
Ақтөбедегі ірі лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар
Тағы да оқыңыздар:
Билік басындағы ана тілін білмейтін шенеуніктер
Мәсімов Ақтөбедегі теракті кезінде қаза болғандардың отбасыларына барды
Әбенов: "Террористер тізімінен" қайта-қайта қате шығып жатса, өлім жазасын қалай енгіземіз?
Алматыда бір жарым жастағы інісін өзенге құлатып алған әпкесі онда фотоға түспек болған
Седов Алексей Ниді оның атынан ипотека алып, төлемей жүрді деп айыптады
Астанадағы мектептің бірінде 36 жыл бойы психикалық есепте тұрған азамат сабақ беріп келген
Алматы облысында тауда жоғалып кеткен екі жасар сәби аман табылды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1161069-el-zhastaryn-siriyadaghy-zhihatqa-shaqyrgh/