Алматыда өзенге ағып кеткен сәбидің ата-анасы бес жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін

Опубликовано:

Алматыда нәресте өзенге батып кетті. Сәбиді қараусыз қалдырған ата-анасы бес жылға түрмеге отыруы мүмкін. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Алма-Арасан шатқалында демалған ерлі-зайыптылар кішкентай баласын 15 жастағы қызына ұстатады. Қыз бала өзен маңында фотоға түспек болғанда аяғы тайып, қолындағы сәбиді өзенге құлатып алған.

Өзеннің қатты ағысы нәрестені сол сәтте ағызып әкеткен. Ал сол арада ата-анасы Алма-Арасан шатқалындағы кафеде демалып отырған. Полциейлерге хабар беріліп, кешкі алтыда іздеу шаралары ұйымдастырылды.

"Қылмыстық кодекстің 141 бабы бойынша соталды тергеу басталды. Бұл - кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттің дұрыс атқарылмағаны", - дейді Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Нәрестенің мәйіті 15 мамыр күні бөгеттің маңынан табылған. Ал сәбиіне бас-көз болмаған ерлі-зайыптылар ендігі бес жылын түрмеде өткізуі мүмкін.

Тағы оқыңыз:

Ильин, Чиншанло, Манеза мен Подобедова қара тізімге ілінді

Мәжіліс жерді сату мен жалға беруді уақытша тоқтатты

Премьер шабуылдан 10 күн өткен соң ғана Ақтөбеге барды

Басшылардың былығын ашып айтқан Назым Қызайбайдың бапкері жұмысынан шеттетілді

Алматыда өзенге құлап кеткен тоғыз айлық нәрестенің мәйіті табылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1161768-ozenge-batqan-sabidinh-ata-anasy-bes-zhy/