ОҚО тұрғындарының қонақжайлығы америкалық саяхатшыны тәнті етті (фото)

Опубликовано:

АҚШ-тан Алматыға ұстаздық етуге келген Адам Салиман ОҚО-ға сапарынан алған әсерлерімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Шетелдіктің айтуынша, Шымкентте және оңтүстіктің өзге қалаларында тұрғындар ерекше қонақжай келеді. Сонымен Салиманның сапардан алған әсерлерін назарларыңызға ұсынамыз:

Шымкенттегі тұрғындар қарапайым, ашық. Мен орысша және қазақша сөйлей алмаймын, дегенмен, шымкенттіктердің өзгелерден ерекшелігі көп екенін естігенмін.

Түркістан және Жаркент секілді қалаларда өмір бірқалыпты. Мен ірі қалаларды ұнатпаймын. Ал мұнда - тыныштық.

Оңтүстік Қазақстан маған Өзбекстанды қатты еске салды. Мен көрші елде бірнеше рет болғанмын, Ташкент пен Самарқандқа барып қайтқанмын. ОҚО-да кей әйелдер әдемі көйлектер киіп алады. Маған олардың жарқын түстерге киінгендері ұнайды.

Мен - жарты әлемді аралап, түрлі тарихи жәдігерлерді көрген адаммын. Түркістандағы Яссауи кесенесі айтарлықтай көне емес болғандықтан, одан тарихи кезеңнің лебін сезіне алмадым.

Біз досымызбен жергілікті қарияға 2000 теңге төледік. Ол бізге бәрін көрсетіп, тарихи жайттарды да баяндап берді.

Арка астындағы құстар - бұл нағыз ғажайып. Маған олардың сайрағандары қатты ұнады.

Көне суреттер, өрнектер шығыс мәдениетінің ұлылығын дәлелдей түседі.

Бұны көне Түркістанға кіреберістердің бірі деп атайды. Бәлкім, шын мәнісінде бұл жергілікті басшының иелігіне кіреберіс шығар?

Раушан гүлдерінің иісі мұрын жарады. Көп гүл отырғызуды жақсы ойлап тапқан екен.

Орамал таққан әйелдер - Оңтүстік Қазақстан үшін үйреншікті көрініс.

Орталық Азия жұмысшылары. Көрші елден мешітті жөндеу үшін келген.

Мешіттің кіреберісін күзететін адам.

Мешітке қысқа балақ киіп кіргісі келетіндермен кикілжің болған сыңайлы. Ал әйелдер қысқа белдемше мен біз өкше киіп кіре алмайды.

Ал мынау Арыстан-баб кесенесі. Ол Яссауидің шәкірті болған. Ішін суретке түсіруге тыйым салынған. Өкінішті, себебі, ішкі жағы көздің жауын алады. Қарлығаштар ұя салған, тыныш мекен.

Отырар қаласы мені көркімен тәнті етті. Бұл - көне моншаның орны. Мұнда көне тұрғындар шомылған.

Ал мынау бәлкім Отырар қаласының кіреберісі.

Қалаға кіру ендігі тегін емес. 100-200 теңге.

Оңтүстікке сапар маған қатты ұнады. Такси жүргізушілері ол жерде қулау келгенімен, бұл барлық елге тән дүние дей аламын. Шымкенттіктер америкалықтарды жылы қарсы алады. Адамдары маған қуана көмек көрсетіп отырды.

Алматылықтардан шымкенттік жүргізушілер туралы көп жаман дүниелер естіген едім. Алайда, таңданысыма орай, Шымкент жолдарынан оған ештеңе байқамадым. Жай стереотип болуы керек.

Қазақстандықтардың дені Түркияда немесе Таиландта демалғанды жөн санайтынын естігенде таң болдым. Бұл елде көрікті жерлер жетіп артылады. Табиғаты да тамаша.

Тағы оқыңыз:

Ильин, Чиншанло, Манеза мен Подобедова қара тізімге ілінді

Мәжіліс жерді сату мен жалға беруді уақытша тоқтатты

Премьер шабуылдан 10 күн өткен соң ғана Ақтөбеге барды

Басшылардың былығын ашып айтқан Назым Қызайбайдың бапкері жұмысынан шеттетілді

Алматыда өзенге құлап кеткен тоғыз айлық нәрестенің мәйіті табылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1161800-oqo-turghyndarynynh-qonaqzhaylyghy-amer/