"Әйелдерді қамшымен сабауға шақырған" тұрғынның жазбасы Қазнетте дауға айналды (фото)

Опубликовано:

Данат Ахметов есімді тұрғынның жазбасы желі қолданушылары арасында дау туғызды. Баян Есентаеваға қолдау білдіргендерге наразы болған Данат "әйелдер өз орнын білуі тиіс" деген пікір қалдырған.

Ахметовтің ойынша, қазақ азаматтары әйелінің көзіне шөп сала алады. Бұл, тіпті міндетті дүние деп санайды ол. Сонымен қатар, ер адам кезінде киіз үйде әр қазақтың қамшысы болғанын және ерлер сол қамшымен айына бір рет әйелдерін сабап тұрғанын алға тартты.

Ал бүгінде "қазақ қыздары тым ақылгөйсініп кетті" дейді Ахметов.

"Жаңа технологиялар пайда болысымен, сендер шектен шығып жатсыңдар. Әйелдерді жұмысқа алғалы олар ақша қуалап кетті. Өз тарихтарыңды ұмытпаңдар! Және өз орындарыңды біліңдер! Біздің әйелдер өз тарихын біліп жүрсін! Құрметпен, Данат Ахметов", - деп жазған тұрғын.

Суретші Мұрат Ділманов Ахметовтің сөздерін естігеннен кейін ойын карикатурамен жеткізген.

"Бүгін мен әлеуметтік тақырыптарды қозғағым келмеген. Алайда қозғауға тура келді. Мен тұрмыстағы зорлықты мүлдем қолдамаймын. Бұл мәселеге пікір білдіргендер жетерлік. Бүгін мен Данат есімді біреудің жазбасын көріп қалдым. Ол Қазақстан ерлерінің атынан келесі пікір білдірген екен: "Қазақ қыздары мен әйелдері тым ақылгөйсіп кетті. Сендердің ешқандай құқықтарың болған емес". Бұл сөздер жалған деп үміттенемін. Осындай деңгейі төмен адамдарды бірінші рет жолықтырып отырған жоқпын. Ол расымен солай ойлайтын болса, ашық әңгімеге шақырамын. Не себепті олай ойлайтынын бәріне түсіндіріп берсін. Интернеттен жасырынып сөйлемей, халық алдына шығып сөйлеуге батылы жетіп көрсін", - дейді Ділманов.

Ал желі қолданушылары Ахметовті бұл жазбасынан кейін жабайы адам атап кеткен.

"Мен бұл батырдың орта ғасырда қалай өмір сүре алатынын тамашалар едім. Сөйлегенде керемет, ал қолынан ешқандай іс келмейді", - дейді Нұргүл Ағабаева.

"Ұлын осылай тәрбиелеген әкесін көргім келіп тұрғаны", - дейді Nurgul Tairova.

"Данат, жазғаныңды анаңа айтып көр. Сосын әр ай сайын әкең анаңды сабап тұрғанын тамашала. Сосын сендей тарихшыны біз көрер едік", - дейді Nazgul Kudaibergenova.

Ал Ахметовтің өзі болса, халық алдына шығып, өз көзқарасын айтуға тайынбайтынын жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын.

Белгілі болғандай, Бақыт Есентаев сол күні мас болған. Ол уақытша оқшаулағышқа қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша әйелін өлтірмек болды деп күдіктелуде.

Есентаев өз кінәсін мойындады. Ол енді жеті жылға сотталуы мүмкін.

Қазір продюсер ауыр халде ауруханада жатыр. Жансақтау бөлімінде жатқанБаян Есентаева бүгінде тілге келді.

Бәзбiреулер оның осы жағдайын суретке түсiрiп, әлеуметтiк желiлерде таратып жiберген.

Тағы оқыңыз:

Ильин, Чиншанло, Манеза мен Подобедова қара тізімге ілінді

Мәжіліс жерді сату мен жалға беруді уақытша тоқтатты

Премьер шабуылдан 10 күн өткен соң ғана Ақтөбеге барды

Басшылардың былығын ашып айтқан Назым Қызайбайдың бапкері жұмысынан шеттетілді

Алматыда өзенге құлап кеткен тоғыз айлық нәрестенің мәйіті табылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1161842-ayelderdi-qamshymen-sabaugha-shaqyrghan/